Чемпиондар лигасы 1/8 финалының екінші матчында «Барселона» өз алаңында «Пари Сен Жермен» клубын 6:1 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алды.
Ойын бастала сала шабуылға ұмтылған алаң иелері 3-минутта-ақ Суарестің көмегімен есеп ашып үлгерді. Қарқындарын үдете түскен каталондықтар алғашқы таймның соңына таман париждіктерді тағы бір мәрте қапы қалдырды. Бұл ретте Андрес Иньестаның шеберлігінің арқасында Левен Курзава өз қақпасына гол соғып алды. Ал қонақтар бастапқы таймда айтарлықтай қарсылық таныта алмады. Лукас Моураның алыстан бағыттаған соққысынан бөлек, жарытып ешнәрсе істей қоймады.
Матчтың екінші таймын париждіктер өзгеше күйде бастады. Аяқтарына доп тие салысымен, бірден Тер Штегеннің қақпасына қарай ұмтылды. Дегенмен, неміс қақпашысының жолы болып, қауіптің бетін қайтара білді. Ал кезекті сәттердің бірінде өз айып алаңында Неймарға қарсы ойын тәртібі бұзылғаны үшін пенальти белгіленді. Мұндай шешім қосымша төрешінің айтуымен қабылданды. Ал Месси өзіне берілген мүмкіндікті жібере қоймады.
Өз кезегінде қонақтар да қарап қалмады. Алаңға Анхель Ди Мария шығып, ПСЖ-ның ойынына қан жүргендей болды. 62-минутта айып добынан асырылған допқа Томас Менье бірінші болып жетіп, Каваниге ыңғайлап берді. Уругвайлық шабуылшы бұл тұста жойқын соққысымен өз ұжымының алғашқы голын салды. Осыдан кейін Луис Энрике шәкірттерінің қарқыны бәсеңдеп, сүреңсіз ойын өрбіді. Дегенмен, париждіктер екінші голын да салатын кездері болған, бірақ Анхель Ди Мария, Эдинсон Кавани сынды білікті ойыншылар қақпашы Тер Штегенмен жеке шыққанмен, діттеген мақсаттарына жете алмады.
Негізгі уақыттың аяқталуына екі минут қалғанда Неймар айып добын сәтті орындап, командасына дем берді. Осыдан кейін камбэк болатынына көпшілік күмәнмен қараған еді. 91-минутта Суареске қарсы ойын тәртібі бұзылғаны үшін пенальти белгіленіп, оны Неймар сәтті орындады. Дәл осы голдан кейін қос команда үшін нағыз сын сағаты орнады. Бірі өз қақпасын кезекті голдан аман алып қалу керек болса, екіншісі салу керек болды. Осы уақытта Неймар бар жауапкершілікті өз мойнына алып, соңғы секундттарда айып алаңына допты әуелете тастады. Бұл ретте алаңға тыңнан қосылған Серхи Роберто жеңісті голды соғып, "Барселонаның" келесі кезеңге өтуіне үлкен септігін тигізді.
Айта кетейік, каталондықтар алғашқы ойында ПСЖ-дан 0:4 есебімен күйрей жеңілген болатын. Сондай-ақ, Чемпиондар лигасының тарихында дәл осындай ірі есеппен есе жібере тұрып, келесі кезеңге жолдама алған команда болған емес. «Барселона» футбол тарихын тағы бір мәрте жаңартты деуге толықтай негіз бар.
• 09 Наурыз, 2017
«Барселона» ПСЖ-ға алты гол салып, ширек финалға жолдама алды (видео)

Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты рәсімдер өтетін орындар анықталды
Тұлға • Бүгін, 21:51
Оқушылар медициналық көмексіз қалған: Жетісу облысында мектептер тексерілді
Оқиға • Бүгін, 21:31
Оңтүстік Кореяда болған митингте бір адам мерт болды
Әлем • Бүгін, 20:55
Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді
Спорт • Бүгін, 20:36
Салық кодексіне түзетулер: Қаржы секторына қатысты бірқатар ұсыныс қолдау тапты
Үкімет • Бүгін, 19:59
Кітап оқуға құштарлық: Қостанайдағы кітапханашылар әулетінің өнегесі
Аймақтар • Бүгін, 19:33
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Бүгін, 18:53
Аида Балаева Мұхтар Шахановтың неге Арыстан баб кесенесіне жерленбейтінін түсіндірді
Тұлға • Бүгін, 18:24
Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыда өтеді
Тұлға • Бүгін, 17:57
Әскери қызметшілердің ақшалай үлесі мен жәрдемақысы: Ережеге қандай өзгерістер енді?
Әскер • Бүгін, 17:55
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Бүгін, 17:48
Мейірім Нұрсұлтанов уақытша чемпион атағы үшін айқасады
Спорт • Бүгін, 17:33
Астанада бір жылда бейнебақылау камераларының саны екі есеге артты
Елорда • Бүгін, 17:26
Жамбыл облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген
Аймақтар • Бүгін, 17:01
Алматыда субұрқақтар маусымы қашан ашылады?
Алматы • Бүгін, 16:55