Қаржы • 30 Наурыз, 2017

Шетелдік банктердің Қазақстанда тікелей бөлімше ашуына рұқсат етіледі

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның ДСҰ-ға енуімен қазақстандық нарықтың шетелдік қатысушыларға қолжетімді болу жайы талқыланды.

Шетелдік банктердің Қазақстанда тікелей бөлімше ашуына рұқсат етіледі

Шетелдіктердің Қазақстан нарығына кіруі үшін қандай талаптар қойылатыны туралы Еуропалық одақ жобасы жетекшісі Светлана Әлжанова айтып берді, деп хабарлайды LS.

Қазақстанның ДСҰ алдындағы міндеттемесіне сай, бес жылдан кейін шетелдік банктер біздің елде бөлімшелерін аша алады.

"Қазақстандық емес банктердің өз бөлімшелерін Қазақстанда ашу үшін олардың активі 20 млрд доллардан асуы керек және жеке тұлғалардан қабылдайтын депозиттердің минималды  көлемі 120 мың доллардан асуы керек", - деді жоба жетекшісі.

Әлжанованың айтуынша, шетелдік банктер елде тікелей бөлімше ашу үшін Қазақстан оларды акционерлі қоғам ретінде тіркелуін талап етеді.

Ал шетелдік сақтандыру компаниялары үшін де осындай талаптар бар. Олар да бес жылдан кейін өз бөлімшелерін аша алады.

"Оларды кемінде Қазақстанның екі резиденті басқаруы керек. Сонымен қатар, олардың активі кемінде 5 млрд доллар болуы керек. Бұдан бөлек, Қазақстан олардың қызмет өтілінің кемінде 10 жыл болуы керектігі туралы талап қоя отырып, белгілі бір сектор мен сақтандыру сыныбына шектеу жасай алады", - деді Әлжанова.

Бұлардан бөлек, кеңес беру қызметі саласындағы компанияларға да осы салада кемінде бес жыл жұмыс істеген боулы және ондағы шетелдік қызметкерлер санының кемінде 25 пайыз болуы туралы талаптар бар.

Өз кезегінде Қазақстан оларға барлық құрылыс және инженерлік қызметтерді ашып, тасымалдау мен курьерлік қызметтерді ұсынады.

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50

Аққу әйгілеген ақиқат

Әдебиет • Бүгін, 08:35