Қаржы • 30 Наурыз, 2017

Теңге тұрақты, мұнай үш апталық максимумға қымбаттады

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Айта кетейік, кешегі күндізгі сессияда доллардың теңгеге шаққандағы құны 315,05 теңге болған еді.

Теңге тұрақты, мұнай үш апталық максимумға қымбаттады

KASE-нің таңғы сессиясының қорытындысы бойынша, бүгін, 30 наурыз күні, 1 АҚШ доллары 314,81 теңгеге теңесті.

Ал Астана уақытымен таңғы сағат 11:00-де Брент маркалы мұнай құны 0,17 пайызға қымбаттап, 52,63 теңгеге теңесті.

Айта кетейік, бұл баға 9 наурыздан бергі ең қымбат көрсеткіш ретінде тіркеліп отыр. Үш апта бұрын шикізат құны 53,76 доллардан 51,69 долларға бір-ақ құлдыраған еді.  

Соңғы жаңалықтар