Білім • Бүгін, 15:02

Саясат Нұрбек: «Болашақ» түлектерінің үштен бірі АҚШ-қа виза ала алмай жүр

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек АҚШ-та білім алуға ниетті қазақстандық студенттер санының азайғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұған визалық шектеулер себеп болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Саясат Нұрбек: «Болашақ» түлектерінің үштен бірі АҚШ-қа виза ала алмай жүр

Атап айтқанда, «Болашақ» бағдарламасымен іріктеуден өткен студенттердің шамамен 30 пайызына виза беруден бас тартылады. Осыған байланысты оларды басқа оқу орындарына немесе өзге елдерге қайта бағыттау шаралары жүргізіледі.

Министрдің сөзінше, бұл жағдай АҚШ-қа қабылданатын студенттер санының қысқаруына әсер етіп отыр.

Сонымен қатар Қазақстанға шетелдік студенттердің қызығушылығы артып келеді. Әсіресе Таяу Шығыс елдерінен талапкерлер белсенді түрде келіп, Cardiff University және Heriot-Watt University сияқты шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарына түсуде.

Шетелдік талапкерлер үшін арнайы studyin.kz порталы жұмыс істейді. Қазіргі таңда онда 24 агенттік компания тіркелген. Алдағы үш жылда Қазақстан 100 мыңға жуық шетелдік студентті қабылдауды жоспарлап отыр.

Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек

Айта кетейік, «Болашақ» – қазақстандық студенттердің шетелде білім алуына мүмкіндік беретін мемлекеттік стипендиялық бағдарлама.

Соңғы жаңалықтар