Қазақстан • 02 Мамыр, 2017

Бас прокуратура америкалық құқық қорғау мекемелеріндегі кадр қызметі жүйесімен танысты

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы америкалық құқыққорғау мекемелеріндегі кадр қызметі жүйесімен танысты.

 Бас прокуратура америкалық құқық қорғау мекемелеріндегі кадр қызметі жүйесімен танысты

Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб ұйымдастырған таныстыру сапары аясында ҚР Бас прокуратурасы мен ҚР Құқық қорғау органдары Академиясы өкілдері АҚШ Әділет департаменті, Персоналды басқару Кеңсесі, Федеральды тергеу бюросы (FBI) өкілдерімен кездесті. 

АҚШ Әділет департаментінде тараптар кадрларды іріктеу мен ілгерілету, оқыту мен даярлау үдерісі барысы туралы пікір алмасты. АҚШ персоналды басқару Кеңсесі өкілдерімен кездесуде қызметкерлердің біліктілігі мен жұмыс өнімділігін арттыру жолдары, олардың тиімділігін бағалау мәселелері мен зейнеткерлік жүйесі қаралды.

Қазақстандық делегация FBI Академиясында қызметкерлерді оқыту мен даярлау жүйесімен танысты. Федеральды тергеу бюросы штаб-пәтерінде қызметкерлердің кәсіби біліктілік моделі мен адам ресурстарын басқаруды дамыту аспектілері талқыланды.

Соңғы жаңалықтар