Басқосуда ұлттық өнеріміздің, төл мәдениетіміз бен әдебиетіміздің өзекті мәселелері, сондай-ақ еліміздегі рухани-мәдени саланың қазіргі жай-күйі мен келешегі талқыланды.
Гүлшара Әбдіқалықова кіріспе сөзінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа бірге қадам басып, бұқаралық санବны өзгерту міндеті қойылғанын атап өтті. Оның ең басты талабы – мәдениетімізді, ұлттық кодты сақтау.
Мемлекеттік хатшы ел Президенті айқындап берген міндеттерді іске асыруға шығармашыл жастар өкілдері белсене атсалысатынына сенім білдірді.
Кездесуге қатысушылар ұлттың жан-жақты жаңғыруын жүзеге асыру үдерісінде өскелең ұрпақтың маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, қоғамның рухани дамуына қатысты идеяларын, ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.
Мемлекеттік хатшы кездесу соңында мәдениет және өнер қызметкерлерін алдағы кәсіби мерекемен құттықтап, зор денсаулық, береке-бірлік пен шығармашылық табыс тіледі.