Кеше Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде ведомствоның мемлекеттік қызмет департаментінің директоры Мақсұт Өтешевтің қатысуымен брифинг өтті. Онда әңгіме мемлекеттік қызметке қабылданатын үміткерлерге қойылатын шарт, талаптар турасында өрбіді.
Департамент директорының мәлімдеуінше, болашақта үміткерге қойылатын біліктілік талаптары әрбір мемлекеттік органмен дербес жасалады және ол міндетті түрде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен келісуге жатады. Мұндай шарт барлық мемлекеттік лауазымдарға білімі, еңбек өтілі және құзыреттілігі бойынша бірыңғай талаптар орнатады деп күтілуде. «Айталық, білімге қатысты талаптар лауазым деңгейіне байланысты орнатылады. Бірқатар лауазымдарға, мысалы, ауылдық және аудандық деңгейлерге ортадан кейінгі және техникалық пен кәсіби білімдер рұқсат етілсе, орталық деңгейдегі лауазымдық қызметке үміткерден Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқу өткергендігі немесе шетелдік білімі бар болуы ескерілуі мүмкін. Мұндай білімі бар үміткерлерге мемлекеттік қызметте еңбек өтілінің қысқалау мерзімі талап етіледі (мәселен, 5 жылдың орнына 3 жыл мемлекеттік қызметтегі өтіл жеткілікті)», деді Мақсұт Ыбырайұлы.
Қалай болғанда да, мемлекеттік қызметке үміткерлерге жұмыс өтілінің маңызы жоғары деген сөз. Осыған орай, мансаптық үлгі икемділігін қамтамасыз ету мен жеке сектордан дарынды мамандарды тарту үшін мемлекеттік органдар міндеттерімен ұқсас қызмет салаларында жұмыс өтілі бар азаматтар арасында «ашық» іріктеу жүргізу қарастырылған. Сондай-ақ, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру бойынша жаңа тәсілдерді іске асыру үшін жаңарған біліктілік талаптарында төменгі тұрған лауазымда бір жылдан кем емес өтілі болған жағдайдағы мемлекеттік қызметте кезең-кезеңімен жылжыту тетігі енгізілгендігін атап өту керек.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке үміткерлердің біліктілік талаптары мемлекеттік қызметтегі жаңа тәсілдердің енгізілуімен жетілдірілуде. Осы мақсатта жүргізілген сараптама негізінде, ендігі кезекте әскери қызметте, Парламент пен мәслихат депутатының мәртебесіндегі, сот және халықаралық қызметкер мәртебесіндегі жұмыс өтілі ескерілетін болады. Сондықтан да, ағымдағы жылы біліктілік талаптарға жаңа «біліктілік» ұғымы енгізілген. Бұл – әрбір қызметкерге тиімді жұмыс жасау үшін қажетті білім мен дағдылардан тұратын жиынтық. Біліктілікті бағалаудың автоматтандырылған жүйесі әрбір біліктілікті тексеру үшін 12 тест-
тік жұмыстан құралған. Оның бір ерекшелігі, басшылық қызметке үміткерлерге 10 біліктілік деңгейін анықтауға – 90 минут, ал қалған қызметке үміткерлер үшін 8 біліктілік деңгейін анықтауға 75 минут беріледі. Соның өзінде, жыл басынан бері жалпы жеке қасиеттерін бағалауда тестілеуден өткендердің 76,3 пайызы жоғары бағаға ие болған.
Айта кетейік, қазіргі уақытта агенттік бірыңғай біліктілік негізі ретінде жетілдірілу үстінде. Осы тәсіл әрбір деңгейдегі қызметтің біліктілігін тексеру талаптарын нақтылап алуға мүмкіндік береді әр азаматты мемлекеттік қызметке іріктеуде олардың тең мүмкіндік алуына және мемлекеттік қызметкерлердің тиімді жұмыс атқаруы үшін кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған.
Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

Өскемендегі жарылыс: Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 17:59
8 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Парламент • Бүгін, 17:36
Қарағанды облысында соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден төленді
Аймақтар • Бүгін, 17:32
Стенд атудан әлем кубогі: Әсем Орынбай алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 17:23
Қор биржасында доллар тағы қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 17:12
Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Шаруашылық • Бүгін, 17:00
Мемлекет басшысы тапсырма берді: Айбек Дәдебай немен айналысатыны белгілі болды
Президент • Бүгін, 16:41
Президент Xinjiang Lihua компаниясының басшысын қабылдады
Президент • Бүгін, 16:25
Алдағы үш күнде ауа райы қалай өзгереді?
Ауа райы • Бүгін, 16:16
Қазақстанда декреттік төлемдерге бақылау күшейеді
Қоғам • Бүгін, 16:08
Астанада «Шекарашы балақай» мультсериалы көрсетілді
Елорда • Бүгін, 15:54
ХҚКО тренд үшін неке қию туралы куәлікті жыртпауға шақырды
Қоғам • Бүгін, 15:32
«Қазцинк» зауытындағы жарылыс: Полиция қылмыстық іс қозғады
Оқиға • Бүгін, 15:28
Жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырғаны үшін айыппұл салына ма?
Қоғам • Бүгін, 14:59
Ақтауда мас күйдегі ер адам әріптестерін қарумен қорқытқан
Оқиға • Бүгін, 14:30