«Универсиада елшісі» деген кім? Бұған дейін де 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, волейболшы Сәбина Алтынбекова, әншілер Әли Оқапов пен Нұржан Керменбаев Универсиада елшілері болып таңдап алынған болатын.
«Универсиада елшісі» деген құрметті атақ өзінің ісімен үлгі бола алатын, саламатты өмір салтын, спортты және Универсиада құндылықтарын насихаттауға жәрдемдесе алатын Қазақстан Республикасы азаматтарына берілетіні аян.
Сонымен, бокстан Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанған Дариға Шәкімоваға да Алматыда өтетін XXVIII қысқы «Универсиада елшісі» атағы бұйырған еді.
Дариғаның айтуынша, қысқы спорт түрлері ішінде оған трамплиннен секіру ұнайды. Осындай үлкен мүмкіндік туып тұрғанда, бір рет болса да тәуекелге бел буып, секіруге дайын екенін айтып отыр.
– Уақыт тығыз болғандықтан, әрдайым қысқы спорт түрлерін қадағалап отыруға мүмкіндік бола бермейді. Универсиада жарыстарына шығуға тырысып көремін. Бірақ бізде дәл сол уақытқа оқу-жаттығу жиыны белгіленіп отыр. Маған трамплиннен секіру бойынша сайыстарды тамашалаған ұнайды. Спортшы сондай биіктіктен ұшып, төмен түсіп келе жатқанын көргенде, аса тәнті боламын. Мұндай спорт түрімен шұғылдану үшін батылдық қажет. Белгілі бір дайындықтан өткен соң, мен өзім секіріп көргім келеді. Адамдар трамплиннен секіру үшін жылдап жаттығады, өйткені, жерге дұрыс қона алмасаң, өміріңмен қоштасасың, – дейді боксшы.
– Балалық шағымда мен әкеммен бірге шаңғы тебетінмін. Кейін «Медеуге» жиі барып тұратынбыз, конькиді әжептәуір жақсы теуіп үйрендім. Бірақ шаңғы мен коньки кимегеніме біраз уақыт болды. Өйткені, үнемі жиындар мен жарыстарда жүремін, оның үстіне жарақат алып қалмау үшін қажетсіз тәуекелге барғың келмейді, – дейді Дариға Шәкімова.
Сондай-ақ, Олимпиада жүлдегері өмірінде жасаған ең экстремалдық оқиғаларды есіне түсіріп, олардың ішіндегі ең өткір шешімнің бірі боксты таңдау болғанын айтады. Боксшы қыз рингтегі аламан сайыстар мен ауыр жаттығулар өзіне спорттық шабыт сыйлайтынын айтады.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 19:55
Батыс Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің облыстық I форумы өтті
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12