Алматыдағы «Медеу» мұз айдынының ресми түрде пайдалануға берілгеніне 44 жыл толды. Ол 1972 жылғы 28 желтоқсанда ашылған еді.
Медеу – Іле Алатауы баурайында теңіз деңгейінен 1691,2 метр биікте орналасқан ірі спорттық кешен. Оның құрылысы 1949 жылдың күз айында басталып, алғашқы ресми ойындар 1951 жылдың 4 ақпанында өткен. Стадионға жасанды мұз тек 1972 жылы ғана төселді.
Медеу – қысқы спорттық ойындарға арналған мұз айдыны, жасанды мұз алаңының аумағы 10,5 мың шаршы метрді, айдындағы мұз жабындысының қалыңдығы 2,3 метрді құрайды. Тау бөктеріндегі жайлы климат, күн радиациясының қолайлы деңгейі, төмен ауа қысымы және таза тау суы мұздың жоғары сапалы болуын қамтамасыз етеді. Мұнда осы кезге дейін әлемнің 120-дан астам рекорды жаңартылды.
Мұз айдыны 2011 жылғы VІІ қысқы Азия ойындары қарсаңында қайта жөндеуден өтті. Спорттық ойындардың нәтижелерін көрсетуге, телевизиялық бағдарламаларды, тақырыптық және жарнамалық роликтерді трансляциялауға мүмкіндік беретін алаңы 200 шаршы метрлік жаңа мультимедиялық тақта орнатылды. Қайта жөндеуден кейін мінбелердегі отырғыштардың саны артып, 7200-ден 8500-ге жетті. Жаңадан орнатылған қазіргі заманғы тоңазытқыш құрылғылары мұзды 1 қазаннан 1 сәуірге дейін ұстап тұрады. Бір мезгілде мұз айдынына 2 мыңнан 3 мыңға дейін адам сыяды.
Демалыс күндері конькимен сырғанау көптеген жылдар бойы тек тұрғындар емес, қала қонақтары үшін де жақсы дәстүрге айналған.
«Медеу» атауы ХІХ ғасырдың соңында өмір сүрген қоғам қайраткері, қазақ халқын көшпелі отырықшылыққа бейімдеу жұмыстарымен айналысқан, қазақ балаларына арнап пансионат ашқан Медеу Пұсырмановтың құрметіне берілген. «Медеудің» айналасын 21 мың гектар орман-тоғай алқабы қоршап жатыр. Онда қайың, көктерек, қарағай мен шырша, долана, шетен ағаштары өседі. Мұз айдынынан бөлек, мұнда Ғарыш сәулелері ғылыми стансасы, Үлкен Алматы көлі, Жоғарғы Горельник сарқырамасы, Алматыны селден қорғап тұратын бөгеттер, Терренкур және сегіз жүзден астам сатысы бар баспалдақ бар.
Алдағы жылғы 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматыда ойналатын XXVIII қысқы Универсиада ойындары жарыстарының бір бөлігі «Медеу» мұз айдынында өтеді.
Талғат РАЙЫМБЕК,
«Егемен Қазақстан»

Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Бүгін, 21:15
Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифке хат жолдады
Президент • Бүгін, 20:55
Өскеменде полицейлер жоғалған үш жасар баланы аман-есен тапты
Қоғам • Бүгін, 20:32
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 20:26
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Бүгін, 19:50
Екінші турдың алғашқы ойындары: 18 маусымға арналған ӘЧ-2026 кестесі
Спорт • Бүгін, 19:34
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:50
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 18:35
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:20
Президент Air Products бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 18:05
Файзуллаев жасындай жарқылдады
Футбол • Бүгін, 18:00
Глуховка ауылының маңындағы өрт «Семей орманы» резерватына қауіп төндірді
Оқиға • Бүгін, 17:59
АҚШ-та ұсталған қазақ жігіті кепілмен босатылды
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада жаяу жүргіншілер жолымен жүрген жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 17:37
Министр сәбиімен бірге курьер болып жүрген әйелге қатысты пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 17:27