Мереке күндері коммуналдық қызметтер демалыссыз жұмыс істейтін болады, деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Астана су арнасы» кәсіпорнында тәулік бойы кезекшілік жүргізіліп, қосымша бригадалар ұйымдастырылады. Компанияның хабарлауынша, барлық қызметтер жұмыс істейді. Апат орын алған жағдайда кез келген уақытта диспетчерлік қызметке хабарласуға болады.
«Астана-Тазалық» ЖШС Жаңа жыл мерекесі күндері екі ауысыммен жұмыс істейді. Қала көшелеріне жинау машиналары мен қар жинауға арналған техника шығарылады. Мұнымен қоса, тиісті жұмыстарға қосымша бригадалар тартылады.
«Астана-Тазарту» ЖШС қызметкерлері 31 желтоқсанда сағат 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал 1 қаңтар күні қоқыс шығару жұмыстары сағат таңғы 5-те басталады. Қалған күндері әдеттегідей жұмыс істейді.
Айта кетейік, Астана қаласының ішкі істер департаменті де 31 желтоқсаннан 4 қаңтарға дейін, сондай-ақ 7-8 қаңтар күндері күшейтілген режімде жұмыс істейді. Барлығы 1500 полиция қызметкері мен ҚР ІІМ ұлттық ұланның әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті қадағалайтын болады.
• 30 Желтоқсан, 2016
Мерекеде коммуналдық қызметтер демалыссыз жұмыс істейді

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше