Президент Әкімшілігі келісімімен және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен ОҚО әкімінің орынбасары болып Бауыржан Салдарұлы Жамалов тағайындалды. Бұл туралы бүгін өңір басшысы кадрлық мәселе бойынша өткен мәжілісте мәлімдеді. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
– Облыс әкімінің орынбасары лауазымы бос екендігі өздеріңізге белгілі. Осыған орай, Президент Әкімшілігі келісімімен облыс әкімінің орынбасары лауазымына Бауыржан Салдарұлы Жамаловты тағайындау туралы шешім қабылдадым. Бауыржан Салдарұлы экономика және қаржы салаларында зор тәжірибесі бар білікті маман. Түрлі қаржылық құрылымдарда байқаушы кеңестердің мүшесі қызметін атқарған. Осы тәжірибесі облыс әкімінің орынбасары ретіндегі алдағы жұмысында үлкен көмегі тиетін болады, – деді Жансейіт Қансейітұлы.
Бауыржан Салдарұлы облыс әкімінің орынбасары ретінде кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму, ауыл шаруашылығы және туризм салаларына жетекшілік жасайды.
Облыс әкімі оған ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелеріне терең талдау жасап, олардың шешілуін қамтамасыз ету, облыстың әлеуетін ескере отырып кәсіпкерлік пен туризмге жан-жақты қолдау көрсетіп, дамуға ықпал жасау, инвестициялар тартуды, индустрияландыру картасының уақтылы және сапалы атқарылуын ұйымдастыруды тапсырды.
Бауыржан Салдарұлы Жамалов 1971 жылы 27 шілдеде туылған. Білімі жоғары, инженер-механик – технолог, заңгер мамандықтарын игерген.
Еңбек жолын 1993 жылы Шымкент қаласында бизнес саласында бастаған. Ұзақ жылдар кәсіпкерлік саласында еңбек етіп, басшылық лауазымдарда мол тәжірибе жинаған.
Бүгінге дейін «Мырзакент-Холдинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болып еңбек етіп келді. Алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланған.

Түрмеге ақша кіргізбек болғандардың әректі әшкереленді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Кетер аяқ: Дастан Сатпаев дубль жасады
Спорт • Кеше
Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Кеше
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Кеше
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Кеше
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Кеше
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Кеше
Мәжіліс депутаты еліміздегі кәсіби мерекелер санын қысқартуды ұсынды
Парламент • Кеше
Әбутәліп Мүтәлі: Жер сілкінісі туралы ескерту қысқа уақыт ішінде жетуі тиіс
Жасанды интеллект • Кеше
Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды
Әлем • Кеше