Бір нәрсе анық: атам заманнан әлем елдерінің, адамзат баласының игілігіне айналып келе жатқан мұнай қоры әйтеуір бір күні сарқылады. Ғасырлар бойы қажетімізге жараған жер асты қойнауындағы қазынаның орнын не баспақ? ХХІ ғасыр басталғалы бұл сауалға бас қатырып келе жатқан ғалымдар жауабын да тапқан. Күн, жел, су көздерінен өндірілетін қуаттар жақын арада-ақ қолданысқа енбек. Мұнайдың орнын басатын мұндай жаңалықтан қазақ та құралақан емес. Өзгеден керегін алып, өзі де барын беруде.
Соның бірегейі – электр қуатымен қозғалатын электромобиль. Рас, жанармайсыз жүретін көліктің алғашқысы америкалық «Теслаға» тиесілі. Одан кейін де бірнеше дамыған мемлекет өз электромобилін шығарып үлгерді. Ал олардың қазақстандық баламасы «КIA Soul EV» қай елдің де өнімінен, сапа жағынан таразыласақ та, сән жағынан салыстырсақ та, есе жібермейді. Айталық, бұл көлік сағатына 27кВТ қуаты бар батареямен жабдықталған. Бір қуаттағанда 200 шақырымды еркін еңсереді. Ең шекті жылдамдығы – сағатына 145 шақырым. Көліктің батареясын салқындатып немесе ысытып тұратын термореттегіштің арқасында электромобильді жылдың төрт мезгілінде де пайдалануға болады.
Өскеменнің зауыты өндірген «KIA Soul EV» 30 градус аяз кезінде Астана мен Шығыс Қазақстанның жолдарында тестілеуден өтті. Жүз шақырымға жұмсалған қуат шығыны небәрі 170 теңгені құрайды.
...Екі ғасыр кейінге шегініп, әлемге көз сала қойыңызшы. Франциялық Бенцтің үш дөңгелекті, екі орынды, жанармаймен жүретін алғашқы көлігі ғылымға төңкеріс әкелген. Тағы басқа деректер Зигфрид Маркустың 1875 жылы құрастырған үлгісі – «жанармаймен жүретін алғашқы көлік» саналатынын айтады. Содан кейін сағатына 100 шақырым жылдамдықпен жүретін көлік Парижде құрастырылған екен. Бельгиялық Камилл Женатци мұны 1899 жылы шығарған.
ХІХ, ХХ ғасырлар көлік саласының жетістіктеріне толы болғаны рас. Ал ағымдағы жүзжылдық адамзат игілігіне электромобильді ұсынды. Өркениетке ұмтылған көштің басында оюлы бөрік киген қазақ та бар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жақында ғана өткен жалпыұлттық телекөпірде «Мен таяу аралықта барша Қазақстан электромобильмен жүргенін армандаймын. Олардың бағасы қолжетімді болады», деуі бекер емес. Дамыған, дамушы нарықтарда – Қытайда, Еуропаның солтүстігінде, АҚШ-та электромобиль өндірісі мемлекет тарапынан берілетін субсидия арқылы дамуда. Мысалы, Қытайда электромобиль сатып алған әрбір азамат 14 мың доллар көлемінде субсидия алады. Президент сөзінен кейін бұл секілді жәрдем таяу арада бізге де жетіп қалатынына үміт күшейді.
Ғасыр көшінен біз де қалыспақ емеспіз. Жаңа темір тұлпарды әр қазақ тақымдар күн де туар...
Асхат РАЙҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»

Жасанды интеллект отандық өнеркәсіпті қалай өзгертеді?
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:18
Барлық сатылым үшін кешбэк: Қай банктер жомарттық танытады?
Қоғам • Бүгін, 11:08
Тауар өндірушілер тізіліміне өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Digital • Бүгін, 10:59
Әлеуметтік зерттеу: Қазақстан халқының 85%-ы жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 10:45
Банктер туралы жаңа заңға байланысты депозиттерге кепілдік беруде не өзгереді?
Банк • Бүгін, 10:32
Нұрай Серікбайдың өлімінен кейін полиция басқармасына жаңа басшы келді
Қоғам • Бүгін, 10:28
Алматы − Қонаев тасжолы: Ақылы жолдарда кімдер тегін жүре алады?
Аймақтар • Бүгін, 10:13
Солтүстік Қазақстан облысында жасөспірім уланып қалды: Оқиға мектепте болған
Оқиға • Бүгін, 10:03
Мәжіліс пен Беларусь Парламенті заң шығару саласында тәжірибе алмасады
Саясат • Бүгін, 09:56
6 ақпанда республика бойынша қай жолдар жабық?
Ауа райы • Бүгін, 09:35
Синоптиктер болжамы: Қазақстанда күн күрт суытады
Ауа райы • Бүгін, 09:20
Пікір • Бүгін, 09:18
Адам капиталына басымдық беріледі
Пікір • Бүгін, 09:15
Мемлекет пен қоғамның айқын таңдауы
Пікір • Бүгін, 09:13
Реформа • Бүгін, 09:10