Көк тәңірісін қолға үйреткен қазақтың қыран жігіттері екі күн бойы аңыздар мен абыздар елі Аягөзді дүбірге бөледі. Ақтамберді туған топырақта қырандармен бірге ұлттық рухымыз қалықтағандай болды.
Екі күнге созылған бүркітшілердің бәсекесіне еліміздің Алматы, Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласынан 37 бүркіт пен 6 қаршыға, ұзын саны 43 құс қатысты. Бұған дейін өткен ел біріншіліктерінде мұндай көрсеткіш тіркелмеген екен.
Өздері аңшы, өздері бүркітші, өздері ақын, бір сөзбен айтқанда, сегіз қырлы, бір сырлы үржарлық Тәттімбет Кәпұлы мен Ерзат Байқадамов сынды ұлтжанды азаматтардың ұйымдастыруымен, өнер жанашыры, меценат Әнуарбек Бимурзиннің қаржылай қолдауымен өткен құсбегілер бәсекесінің алғашқы күнінде қыранның бабын байқайтын құсты қолға шақыру, еркін ұшыру, шырға салу секілді сайыстар өткізілсе, екінші күні іріктеуден іркілмей өткен бүркіттер қоян мен түлкіге түсті.
Сайысқа қатысушылардың жас жағынан ең үлкені – Алматы облысының Сарқан қаласынан келген 75 жастағы Тәлімбек Айсабекұлы ақсақал. Ең жасы – Жамбыл облысының Меркі ауданының тумасы, 17-дегі Бағдәулет Бабажан.
Тәлімбек ақсақалдың бүркітшілікпен шұғылданғанына 40 жылдан асыпты. Осы жылдар мұғдарында 4-5 көк тәңірісін қолға үйретіпті.
– Бірін 7-8 жыл, екіншісін 10 жыл шамасында аңға салдық. Біздің бабаларымыз 30-33 жыл түлеткен екен. Біз енді ол кісілерге жете алмаспыз. Жете алмасақ та, ізін басып келе жатырмыз. Балаларды тәрбиелеп жүрміз, – дейді бүркітші қария.
Екі күнгі сайыста бабы мен бағы қатар келісіп, өнерімен жұрттың айызын қандырған қырандар да болды. Алты күн жол жүріп, Атыраудан келген Арман Қошқаровтың «Нарын», қарағандылық Темірәлі Жапаровтың «Мұзбалақ», ақмолалық Қанат Шүленбаевтың «Сақтан», тараздық Бауыржан Иманқұловтың «Қаражан», астаналық Күнтуған Арманбектің «Ақбалақ» атты бүркіттерінің бабында екенін көрді көпшілік.
Жарыс қорытындысында павлодарлық Бақытжан Мұқашевтің «Найзасы» 1-орынды, Алматы облысынан келген Мұрат Көдековтің «Ақжолы» 2-орынды, атыраулық Арман Қошқаровтың «Нарын» атты бүркіті 3-орынды иеленді. Қаршығашылар бәсекесінде жамбылдық Бабажан Бағдәулет 1-орынға, Алматы облысының тумасы Аян Сейітжан 2-орынға, ақмолалық Әбсәлам Қазыбай 3-орынға лайық деп танылды.
Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы
Суретті түсірген автор
• 08 Ақпан, 2017
Аягөзде бүркітшілер бәсекесінің жеңімпаздары анықталды

Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Кеше
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Кеше
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Кеше
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Кеше