Қарағандыдағы бейнелеу өнері мұражайын су басып, суреттер суда көлкіп жүр. Қордағы 50-ге жуық құнды картина бүлінді!
Қарлагтың қапасында жатып, қылқаламымен ақиқатты анық бедерлеген Алла Васильева сынды атақты суретшілердің бірнешеуінің майлы бояу мұралары зардап шеккен. Және бұл жағдай бірінші емес. Себебі, аталмыш мұражай көп қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан. Музей орналасқан үйді бақылаушы «MBK Karaganda» компаниясының, сондай-ақ, төтенше жағдайлар қызметі мамандарының айтуынша, ыстық су құбырларының бірі жарылған. Залалдың бір ұшы көп қабатты үйдің жертөлесінде күнелтіп жатқан үйі мен күйі жоқтардан да келуі мүмкін. Құбырдың түбіне жылынамын деп, өзі шіріп тұрған ыстық су құбырын солар үзіп жіберген болу керек... Қазір арнайы құрылған комиссия апаттың себеп-салдарын анықтап, келтірілген шығын көлемін есептеп жатыр.
Музей директоры Бибігүл Құдабаева мен оның орынбасары тарихшы Темірғали Аршабеков мұндай жағдай қайталанбау үшін мұражайды жеке ғимаратқа көшіруді сұрап отыр.
– Біз әлі де болса бұл мәселе оң шешім табатынына сенімдіміз. Ел мұрасы, рухани құндылықтарды жергілікті басшылар да, Үкімет те назардан тыс қалдырмайды деген ойдамыз, – дейді олар.
Мирас АСАН, «Егемен Қазақстан»
ҚАРАҒАНДЫ

Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Кеше
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Кеше
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Кеше
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Кеше