«Астана» футбол клубының бас бапкері Станимир Стойлов sportal.bg порталына берген сұхбатында қазақстандық ұжыммен алдағы мақсаты жайлы, сондай-ақ Еуропаның үздік чемпионаттарының бірінде қызмет еткісі келетіндігі туралы мәлімдеді.
«Бізді тартысқа толы кезекті маусым күтіп тұр. Қазіргі басты міндетіміз – алдағы чемпионатқа және еурокубоктық ойындарға тыңғылықты дайындалу. Еуропа клубтарымен өтетін матчтар бар күшімізді алып қоятыны сөзсіз. Міне, дәл осы кезде өзіңнің қаншалықты білікті маман екенің де сынға түседі. Ал қалғандары осының төңірегінде өрбиді. Әрине, батыстың алпауыт ұжымдарымен тайталасып, турнирлерге жолдама алу ылғи да қолымыздан келе бермейді. Бірақ уақыт өте келе жанкүйерлердің «Астанаға» деген пікірі де өзгеріп жатқаны байқалады. Ал ендігісін жазда көреміз», – деді Стойлов.
«Егер шетелдік клубтардан ұсыныс түссе, ол жағын да қарастырамыз. Еуропаның үздік клубтарының бірін жаттықтырғым келетінін жасырмаймын. Бірақ болгариялық төлқұжат бұл мүмкіндігімді жүзеге асыруға кері әсерін тигізіп жатады. Соңғы жылдары айтарлықтай жұмыс атқарсақ та, көпшілік біз туралы теріс пікірде», – деді «Астананың» жаттықтырушысы.
Айта кетейік, елордалық клуб пен болгар маманы арасындағы келісімшарт осы жылдың соңында аяқталады.

Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Кеше
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Кеше
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Кеше
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Кеше
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Кеше