Алматы қалалық ішкі істер департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті және қалалық прокуратура бірлесіп Қырғызстанда тіркелген автокөліктерді жүргізіп жүрген Қазақстан азаматтарын анықтау жұмыстарын қолға алғалы отыр. Бұл туралы zakon.kz порталы хабарлайды.
Рейдтерді бастауға себеп – соңғы уақытта Қырғыз Республикасында тіркелген көліктердің көптеп келуі. Ұсталған қырғыз нөмірлі көліктер уақытша сақтау орындарына қойылып, оларды жүргізуші Қазақстан азаматтарына айыппұл салынады.
Мұның алдындағы оперативті-профилактикалық шаралар нәтижесінде көрші елде тіркелген 306 автокөлік ұсталып, оларға иелік етушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Уақытша сақтау қоймасына қойылған 44 машина сұраусыз қалып, 7 көлік сот шешімінен мемлекет пайдасына тәркіленген.
Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті қырғыз азаматтарының автокөліктерін Қазақстан территориясында уақытша жүргізуге беруге болмайтынын хабарлап отыр. Яғни, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде тұратын жеке тұлғаларға қырғыз көліктерін сенімхат арқылы жүргізуге тыйым салынады.
• 08 Ақпан, 2017
Алматыда қырғыз нөмірлі көліктерге қарсы рейд басталмақ

Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Кеше
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Кеше
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Кеше
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Кеше
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Кеше