ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Назарбаев Университетіне барып, ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру мен оның Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында берген тапсырмаларын орындау мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы primeminister.kz сайтында хабарланды.
Назарбаев Университеті - ауқымды ғылыми-білім беру экожүйесі, мұнда оқытудан бөлек, түрлі ғылыми-инновациялық зерттеулер жүргізіледі. ҚР Президенті өз Жолдауында Қазақстанда цифрлық индустрияны дамыту экономиканың өзге салаларының да дамуына түрткі болатынын айтып өтті. Осы орайда ол негізінде жаңа, перспективалы технологиялар мен инновациялар болатын экономика өсімінің жаңа үлгісін құру туралы міндет қойды.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Президент барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды шоғырландыру қажеттігін айтты. Премьер-Министр оқу орнына Назарбаев Университетінің Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін іске асырудағы мүмкіндіктерімен танысу мақсатында барды.
Бақытжан Сағынтаев университеттің оқу зертханаларында болып, студенттердің ғылыми жобалар бойынша зерттеулер жүргізетін орындарының жағдайы мен ондағы жабдықтармен танысып шықты. НУ-дың Технопаркі мен оқу орнының айналасында белсенді түрде дамып жатқан «Astana Business Campus» инновациялық кластерін аралау барысында ол осында жүзеге асырылып жатқан зерттеу жобаларының нәтижелерімен танысты.
Сонымен қатар, Премьер-Министр бизнес-инкубатордың, биотехнологиялық зертхананың және «Heart Stitch», физика және аккумуляторлар институты зертханаларының жұмысымен танысты. Кейін Б. Сағынтаев Назарбаев Университетінің профессор-оқытушылар құрамымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ҚР Президентінің алға қойған міндеттерін атқарудағы оқу орнының рөлі туралы айтылды.

Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Кеше
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Кеше
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Кеше
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Кеше
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Кеше