Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы «Алатау» инновациялық технологиялар паркінде болып, арнайы экономикалық аймақтың соңғы жетістіктерімен танысты. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мамандар атқарып жатқан шаруалармен таныстыру барысында, жаңалықтардың аз емес екенін атап өтті. Мәселен, біраз уақыт шу болған «Оңай» картасын енгізудің толықтай жүзеге асып болғанын, алдағы уақытта аталған төлем картасының қолдану көкжиегін кеңейте түсуді көздеп отырғанын айтты. Қазірдің өзінде Шымбұлаққа баратындар «Оңай» картасын қолдана отырып, баяғыдай ұзын-сонар кезекке тұрудан құтылады. Сондай-ақ, төлем картасын қолданушыларға тарифті төмендету мәселесіне де тоқталды. «Бір реткі төлем мен карта арқылы төлемнің арасында айырмашылық болғаны жөн», – дейді қала әкімі. Үкімет басшысының сапары барысында КБТУ Теңіз академиясына қарасты бұрғылау тренажерінің ерекшелігі таныстырылды. Мамандардың айтуынша, бұрын бұрғылауды үйрену үшін қазақстандықтар шет елдерге шығуға мәжбүр болатын. Шет ел, әрине, қымбатқа түседі. Қомақты қаржы шығындап (1 млн 200 мың АҚШ доллары) орнатылған бұрғылау оқу-жаттығу құрылғысы әлемнің кейбір қалаларында ғана бар көрінеді. Ақпан айының 14-нен бастап 13 студент арнайы курстан өтеді. Алғашқы түлектер де солар болмақ. Өз елімізде әлдеқайда арзанға түседі деген бұл құрал арқылы тәжірибеден өтудің бір апталық курсы – 300 мың теңге. Бір артықшылығы, бұл жерден алған сертификат әлемнің кез келген елінде жарамды болмақ. Сондай-ақ, Алматының көшелеріне орнатылып жатқан жол қозғалысын бақылайтын ақылды камералар, қару сататын дүкендерге орнатылатын қауіпсіздік дабыл қағу тетіктерінің заманауи артықшылықтары сөз болды. Министрлер Кабинетінің Төрағасы «Алатау» технопаркінде орналасқан ақпараттық және электронды аспап жасау, энергияның жаңа көздерін табу, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, мұнай-газ өнімдерін өңдеу технологияларын жетілдіру сияқты салаларды дамытуға бағытталған басқа да нысандармен танысып, өз бағасын берді. Алмас НҮСІП, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ
Технология • 09 Ақпан, 2017
«Алатау» технопаркінің жұмысымен танысты
Тибо Куртуа қазақ жанкүйеріне қолғабын сыйға тартты
Спорт • Кеше
Президент қаза тапқан фельдшерді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады
Президент • Кеше
Димаш Мысырдағы концертінің алдында сұхбат берді
Мәдениет • Кеше
Абай облысында 500 орындық оқушылар сарайы ашылады
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында алғаш рет асқазанға тың әдіспен ота жасалды
Медицина • Кеше
Банктер қандай жағдайда тұтынушылық несие беруден бас тартады?
Экономика • Кеше
Шымкентте ашық аспан астындағы мұз айдындары салынады
Аймақтар • Кеше
Шымкентте зағип жандарға арналған алғашқы фестиваль өтті
Аймақтар • Кеше
«Қағаз boom» экологиялық акциясында 2 тонна қағаз жиналды
Экология • Кеше
Солтүстік Қазақстанда қанша ауылдың болашағы жоқ?
Аймақтар • Кеше
Белгілі қазақ актрисасы Рымкеш Омарханова өмірден өтті
Руханият • Кеше
Зайсанда Абайдың шөбересінің 100 жылдығы атап өтілді
Білім • Кеше
Алматының медициналық мекемелері неге күшейтілген режимге көшті?
Медицина • Кеше
Өзбекстаннан Қазақстанға көшу қарқыны жиіледі
Қоғам • Кеше
«Chevron» компаниясы «Лукойл» активтерін сатып алуы мүмкін
Экономика • Кеше