Қысқы Универсиаданың дәстүрі бойынша жарыстың ең соңғы күні ең соңғы ойын әдеттегідей ең қызықты спорттық ойын түріне – шайбалы хоккейге берілетіні бар десек, ол рәсім Алматыда да бұзылмады.
Қазақстан мен Ресей арасындағы хоккейшілер өте тамаша ойын көрсетті. Әдетте, футболда 3-4 доптан жоғары гол салынған жағдайда «хоккейдің есебіндей» болды деп көтермелеп жатар еді. Бүгінгі ойын, керісінше, «футболдың есебіндей» болып үш кезеңде жалғыз шайба соғылып, ақырғы ойын 1:0 есебімен Ресей командасының пайдасына шешілді.
Қазақстан хоккейшілері Универсиаданың ең соңғы күміс медалымен марапатталып, Алматыдағы жастық жігердің аламан жарысын аяқтады.
Универсиада ойындары жабылатын күні – ертеңгісін шаңғышыларымыз 30 шақырымдық классикалық стильдегі жарысқа шықты.Шаңғышы Сергей Малышев масс-старттың қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынына 35-ші медальды, яғни 17-ші қола жүлдені алып келді.
Барша қауымның көңілінің тоғайып отырған жайы бар. Қысқы спорт түрінен өткен бәсекеде Қазақстан спортшылары бұрын-соңды мұндай спорттық нәтижеге қол жеткізіп көрмепті. Ең соңғы өткен Испанияның Гранада (2015 ж.) қаласындағы Универсиадада еліміздің спортшы студенттері 5 алтын, 2 күміс, 7 қола медаль алған еді.
Алматыда ол көрсеткіш жалпы есеп бойынша 3 еседен асып жығылды. Барлығы 36 медальдың – 11-і алтын, 8-і күміс, 17-сі қола жүлде. Бұл өзі мерейді үстем еткен маусым болды!
Саны жағынан Алматыға ең көп келген Ресейдің 219 спортшысы өз жанкүйерлерінің үмітін ақтады. ХХVІІІ Дүниежүзілік қысқы Универсиада ендігі кезекте 2019 жылы Ресейдің Сібір аймағында – Красноярск қаласында өтеді.
Қазақ жерінде лайықты ойын өрнегін көрсеткен Оңтүстік Корея мемлекетінің спортшылары Қазақстанмен иық түйістіре жүріп, 11 алтын, 5 күміс, 5 қоламен үшінші орынға табан тіреді. Жапония, Қытай спортшылары 6 және 5 алтын медальмен төртінші және бесінші орынды бөлісті.
Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Кеше
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Кеше
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Кеше
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Кеше
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Кеше