«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы» Басқарма төрағасы болып Ерлан Тынымбайұлы Қарин тағайындалды деп хабарлайды egemen.kz.
Жаңа басшыны ұжымға Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев таныстырды. "Ерлан Тынымбайұлы білікті саясаттанушы, идеолог, еліміздің шынайы патриоты ретінде көпшілікке жақсы таныс екеніне еш күмәнім жоқ. Ендігі жерде оған еліміздегі ең ірі медиа құрылымның жұмысын одан әрі дамыту тапсырылып отыр. Ерлан Тынымбайұлы бұған дейінгі іргелі шараларды одан әрі жалғастырып, корпорацияны жаңа деңгейге көтереді деп сенемін" деді министр.
Ерлан Тынымбайұлы Қарин 1976 жылы 26 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылында туған.
1997 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тарих мамандығы бойынша, ал 1999 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Философия және саясаттану факультетінінің аспирантурасын тәмәмдаған.
Саясаттану ғылымдарының кандидаты (диссертация тақырыбы: "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіндегі ішкі саяси аспектілер").
1996—1998 жылдары Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде сабақ берді.
1998—2000 жылдары Қазақстанның даму институтының Саяси зерттеулер орталығында қызметкер, Ресей және Қытай институты директорының орынбасары.
2000-2003 жылдары – Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры.
2003-2004 жылдары – «Асар» республикалық партиясы төрағасының орынбасары.
2004-2006 жылдары – Антитеррорлық бағдарламалар орталығының жетекшісі.
2006 жылы Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың қоғамдық және саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі.
2008 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Президент әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
2008-2013 жылдары – Нұр-Отан партиясының стратегиялық даму жөніндегі хатшысы.
2014 жылдың 16 қазанында ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры болып тағайындалды.
Үйленген, бес қыз, бір ұлы бар.
Корпорацияның бұрынғы жетекшісі Кемелбек Ойшыбаев 2016 жылдың 1 қазанында тағайындалып, төрт айдан кейін қызметтен кеткен болатын.
• 09 Ақпан, 2017
«Қазақстан» телерадиокорпорациясына жаңа басшы тағайындалды

Алматыда болған жарылыстан медициналық мекемеге зақым келген
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:33
Онкологиядағы инновациялар: заманауи терапия және ғылыми зерттеулер таныстырылды
Медицина • Бүгін, 11:30
90 жылдардағы қате шешімдер неге әлі күнге ел экономикасына зиянын тигізіп жатыр?
Экономика • Бүгін, 11:15
Президент «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Президент • Бүгін, 11:02
Қазақстандық ғалымдар обыр ауруына қарсы препаратты сынаудың жаңа кезеңін бастады
Денсаулық • Бүгін, 11:00
Головкин қоштасу жекпе-жегін Қазақстанда өткізе ме?
Бокс • Бүгін, 10:44
Елімізде блогер Mellstroy-ға іздеуге жарияланды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:30
Түркістан өңірінде 16 жұп егіз бен сыңар бір мектепте оқиды
Мектеп • Бүгін, 10:21
«Күрең берет» нағыз жауынгерлерге ғана жарасады
Айбын • Бүгін, 10:15
Kaspi де бар: Бірыңғай QR-ға қандай банктер қосылды?
Банк • Бүгін, 10:07
Отандық өндіріс құлдырап барады: кәсіпкерлер қашанғы демпинг құрбаны болады?
Қоғам • Бүгін, 10:00
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері дүниеден озды
Футбол • Бүгін, 09:45
Педагогикалық қолдау орталықтарының көмегіне қанша ата-ана жүгінді?
Қоғам • Бүгін, 09:33
Бүгін елімізде боран мен көктайғақ күтіледі
Ауа райы • Бүгін, 09:27
Әлемдегі ең биік қонақ үй Дубайда ашылды
Әлем • Бүгін, 09:18
Бүгін халықаралық студенттер күні
Қоғам • Бүгін, 09:10
16 қарашаға арналған валюта бағамы қандай?
Қаржы • Кеше
Алматы – Қонаев тас жолының бойы қоқыстан тазартылды
«Таза Қазақстан» • Кеше
«Орталық Азия плюс» форматына қызығушылық артып келеді
Президент • Кеше
Қазақстанда ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні аталып өтіліп жатыр
Шаруашылық • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкенттегі Конгресс орталыққа келді
Президент • Кеше
Маңғыстауда биыл 70 тонна балық өсіріліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Павлодарда бір топ бүлдіршін балабақшада ұшынып, ауруханаға түсті
Денсаулық • Кеше
«SEMEI» телеарнасының құрылғанына 60 жыл толды
Мәдениет • Кеше
Silk Way Star мегажобасының финалистері анықталды
Мәдениет • 15 Қараша, 2025
Қазақстан - Бельгия: Мінез көрсеткен матч, есеп - 1:1
Спорт • 15 Қараша, 2025