Танымал голливудтық актер Кит Миддлбрук бес салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы кіші Флойд Мейуезер мен қазақстандық боксшы Геннадий Головкин арасындағы кездесу қашан болатынын айтып берді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Бұған дейін Миддлбрук ресми түрде өзінің твиттер-парақшасына осы кездесудің жарнамасын жасаған болатын. Оның мәліметі бойынша, боксшылар биыл жазда АҚШ-та кездеседі екен.
«Екі жақ келісімге келді. Жуық арада сіздер мұны жаңалықтардан еститін боласыздар. Бастысы бұл туралы ең бірінші болып мен ақпарат тараттым. Осыны ұмытпаңыздар. Сіздер менің айтқанымды айна қатесіз айтуларыңызға болады. Флойд пен GGG арасындағы жекпе-жек 2017 жылдың маусымында Лас-Вегаста өтеді», – дейді Миддлбрук.
Актердің айтуынша, қос боксшы 149 фунтта шаршы алаңға шықпақ. Мұндай жағдайда қазақстандық боксшы 10 фунтқа салмағын азайтуы тиіс.
«Меніңше, Флойд Головкинді оңай жеңеді. Себебі, бұл салмақта өзін еркін сезінеді. Ол өз жекпе-жектеріне басқа боксшыларға қарағанда жақсырақ дайындалады», – деді Миддлбрук.
Айтуына қарағанда, ол кіші Флойд Мейуезермен он жылдан бері тығыз араласып келетін көрінеді. Ал кино әлемінде бүгінге дейін 35 фильмде түрлі рөлдерді сомдаған.
Естеріңізге сала кетейік, Головкин 18 наурызда Нью-Йорк қаласасында Madison Square Garden аренасында америкалық боксшы Дэниэл Джейкобспен (32-1-0, 29 КО) жұдырықтасатын болады.

Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Кеше
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Кеше
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Кеше
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Кеше
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Кеше