Австрияда өтіп жатқан биатлоннан әлем біріншілігі кезінде Қазақстан құрамасы допинг қолданды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды vesti.kz.
Жергілікті жанармай құю бекеттерінің бірінде белгісіз спортшылар медициналық қалдықтар салынған қораптар мен жарыс құжаттарын тастап кеткен. Австрияның допингке қарсы ұлттық орталығының жүргізген сараптамасының нәтижесінде аталмыш қораптар мен құжаттар Қазақстан делегациясына тиесілі екендігі анықталды.
Осыған байланысты, жергілікті 30-ға жуық полиция өкілдері Қазақстан делегациясын тексеріп, әр түрлі медициналық құралдар мен ұялы телефондарды тәркілеген. Артынша Қазақстан құрамасының барлық спортшыларынан қан-сынамалары алынды.
«Біз өзімізге 100 пайызға сенімдіміз. Арымыз таза. Жағдайды түсіндірместен алып кетті. Мүмкін жаттықтырушыларға мән-жайды түсіндірген болар. Әзірге біз ешнәрсе білмейміз», - дейді қазақстандық шаңғышы Ольга Полторанина.
«Австрия федералдық полициясының баспасөз мәслихатында мәлімдегендей, Антхольц маңында медициналық дәрі-дәрмектердің қалдықтары бар қораптар табылған. Дәл сол жерден Қазақстан құрамасы дәрігерінің аккредитациясы табылды. Кеше қонақ үйде біздің команданы тінтіп шықты. Дәрігердің медициналық дәрі-дәрмектері тәркіленді. Бірақ, бізде барлық заттың рұқсаты бар. Сондай-ақ, полиция табылған заттардың тексеріліп жатқандығын мәлімдеді. Олардың тыйым салынғандығы немесе жоқтығын сараптама көрсетеді. Біздің команда допинг және ДНК тестін тапсырды. Енді сараптама нәтижесін күтіп отырмыз. Австрияның допинг агенттігі қораптарда табылған дәрі-дәрмектердің сараптамасын алды», - деді ҚР Биатлон федерациясының бас хатшысы Манас Үсенов.
• 09 Ақпан, 2017
Биатлоннан Қазақстан құрамасы допинг қолданды деген күдікке ілінді

Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Кеше
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Кеше
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Кеше
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Кеше
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Кеше