Адам баласына еш зияны жоқ ит тұқымы бүгінде жоғалуға жақын. Төбеттің ең басты қасиеті адамға, яғни иесіне адал болу. Семейлік Қаршыға Ескендіров міне, бірнеше жылдан бері төбет өсірумен айналысып келеді. Төбеттің көшпенді халық өмірінде маңызы зор болған. Бұрындары төбет Қазақстанда мүлде жоғалуға шақ қалған еді. Бүгінде Қаршығаның өз қолында төрт төбет пен екі күшік бар екен. Одан басқа да осы өңірдегі шопан қыстауларында 20-дан астам төбет тағы бар.
Қаршыға Ескендіров Ақжол деген төбетті Алматы қаласынан, ал Көке деген бөрібасарды Тәжікстаннан әкеліпті. Бір қарағанда төбет қаһарлы көрінгенмен, оның мінезі өте салмақты. Басқа иттерден айырмашылығы, адамға шаппайды және күніне бір рет тамақтанса жетіп жатыр. Осыдан үш жыл бұрын Семейде «Қазақ бөрібасары» қоғамдық бірлестігі құрылған еді. Қазір бірлестік Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Түрікменстанмен әріптестік қарым-қатынас орнатқан. Енді жеті қазынаның біріне саналған асыл тұқымды иттерді дамытуға айрықша көңіл бөлінбек. Зоология институтының ғылыми қызметкері Константин Плаховтың айтуынша, төбет пен тазының алғашқы стандарттары 1925 жылы бекітіліпті. 1959 жылы стандарттар қайта қабылданған. Күні кешеге дейін қазақ ауылдарында тек тазы мен төбет қана болған. Қасқыр төбеттің қалдырған белгісінен-ақ оның күш-қуатын біліп, ол ауылға мүлде жоламаған көрінеді.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,
журналист
СЕМЕЙ

Шетел инвесторлары отандық мұнай кен орындарынан кеткісі келмейді. Себебі неде?
Экономика • Бүгін, 13:00
Белгілі қазақ актрисасы Рымкеш Омарханова өмірден өтті
Руханият • Бүгін, 12:40
18 қарашадан бастап алаяқтардың SIM-карталары бұғатталады
Қоғам • Бүгін, 12:31
Түркістан облысындағы өрттен 12 адам қаза тапты: Оқиға орнынан фото мен видеолар жарияланды
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:18
Зайсанда Абайдың шөбересінің 100 жылдығы атап өтілді
Білім • Бүгін, 12:10
Алматының медициналық мекемелері неге күшейтілген режимге көшті?
Медицина • Бүгін, 12:02