Бүгінгі таңда Қазақстанда 3,1 миллион әйел жалдамалы жұмысшы ретінде еңбек етуде. 2010 жылдан бері олардың саны 650 мыңға артқаны байқалуда. Бұл туралы бүгін ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Астанада өткен «Корпоративтік секторда әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту» атты халықаралық форумда мәлімдеді.
Қазақстандық әйелдердің 19%-ы сауда-саттықта, 18%-ы - білім беру және денсаулық сақтау салаларында, 8,6%-ы - әлеуметтік қызмет көрсету салаларында қызмет етеді. Жұмыссыз санатқа кіретін әйелдердің 3/1-і бала күтіміне байланысты еңбек демалысында жүр. Сонымен қатар министр еңбекке жарамды жастағы әйелдер арасында жұмыссыздықтың өршіп кету қаупі барын айтты. Оның айтуынша, аталмыш проблема барлық әлем елдерінде байқала бастаған.
"Халықаралық еңбек ұйымының сарапшыларының айтуынша, әлемде 29-34 жастағы әйелдер арасында жұмыссыздық белең алған. Біздегі жағдай өзгеше, себебі біздің өмір салтымыз бен экономикамыз басқа. Бізде жұмыссыз қалудың үлкен қауіпі 45 жастан кейін немесе 15 пен 24 жас аралығында көбейеді. Бұл біздің ерекшелік пен демографиялық үрдісімізге тәуелді десе де болады. Егер біз болашақта әлемдегі осы жұмыссыздық үрдісімен алдын ала күреспейтін болсақ, Қазақстандағы жағдай әлемдегі жұмыссыздықпен пара-пар болып кетуі де ғажап емес", - деді Дүйсенова.
• 10 Ақпан, 2017
Қазақстанда 3,1 миллион әйел жалдамалы жұмысшы ретінде еңбек етуде

Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22