ҚР ИДМ туризм индустриясы департаменті Филиппиндегі жер сілкінісіне байланысты қазақстандық туристерге қауіпсіздік талаптарын сақтауға кеңес берді. Бұл туралы baq.kz хабарлады.
«ҚР Инвестициялар және даму министрлігі туризм индустриясы департаментіне зардап шеккен қазақстандық туристер туралы ақпарат, сондай-ақ туроператорлардан штаттан тыс жағдайлар туралы хабарламалар келіп түскен жоқ. Қазіргі таңда Филиппин аумағында Қазақстаннан барған туристер көп емес. ҚР ИДМ туризм индустриясы департаменті ҚР СІМ-мен байланыста және жағдайды бақылап отыр», - деп жазды Туризм индустриясы департаментінің басшысы М.Иғали.
Департамент Филиппинде жүрген қазақстандықтарға жергілікті биліктің нұсқауын орындап, қауіпсіздік талаптарын сақтауға кеңес береді.
Айта кетейік, 11 ақпан күні түнде Филиппиннің оңтүстігінде магнитудасы 6,7 балдық жер сілкінісі болды. Салдарынан, 120-дан астам адам жараланған, қаза тапқандар бар. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, зілзаладан Суригао қаласында бірнеше ғимараттар қираған. Тұрғын үйлер мен әуежайға зиян келіп, жарықсыз қалды. Цунами қаупі туралы ақпарат тараған жоқ.
• 12 Ақпан, 2017
ИДМ Филиппиндегі қазақстандық туристерге сақ болуды ескертті

Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысқан бір топ азаматты марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Экология мәселесін ешқандай ел жалғыз шеше алмайды: Президент жастарға тарихи миссия жүктеді
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы қоғамдық мәні зор құндылыққа айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22
Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Әлем • Бүгін, 12:18
Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47
Дем алу қиындайды: Бүгін ел тұрғындарына далада серуендеу уақытын шектеу ұсынылады
Ауа райы • Бүгін, 11:25
Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алушылар жауапқа тартылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 11:09
Атырауда мектеп оқушысын автобус қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:53