Мәжіліс депутаттары Аманжан Жамалов, Сапархан Омаров, Глеб Щегельский, Артур Платонов, Дания Еспаева Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру мақсатында «Қазхром «ТҰК» АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытының еңбек ұжымымен кездесті.
– Бұл құжат әр азаматтың әлеуметтік жағдайын жақсарту ойластырылып, дәйекті жазылған. Оны әдеттегідей күш-жігерімізді біріктіре отырып, қысқа мерзімнің ішінде жүзеге асырар болсақ, Жолдауда көзделген мақсаттарға ертерек қол жеткізеріміз анық, – деді Елбасы Жолдауын түсіндірген Артур Платонов.
Мәжіліс депутаттары зауыттың тыныс-тіршілігімен танысып, әлемде теңдесі жоқ жаңа №4 цехтағы металл балқыту үрдісіне куә болды. Бұл цехты 2014 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев іске қосқан. Қазіргі таңда жаңа зауыт өзінің алғашқы өнімдерін бере бастаған.
Ақтөбе ферроқорытпа зауытының директоры Мұрат Мұқашевтың айтуынша, мұнда әр түрлі мамандықты игерген 4 мыңнан астам адам табысты еңбек етеді. Оның 3 мыңнан астамы – «Нұр Отан» партиясының мүшелері.
– Елбасының биылғы Жолдауында «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы назарымды ерекше аударды. Осы бағдарламада 15 жылда 1,5 миллион отбасын баспанамен қамту көзделген. Яғни, үйсіз жүрген жастарымыздың баспаналы болуына мүмкіндік туып отыр, – деді Ақтөбе ферроқорытпа зауытындағы №1 балқыту цехының балқытушысы Ғаныбек Есенжолов.
Ал зауыттағы №2 балқыту цехының аға шебері Абай Рахметов бизнес ортаны түбегейлі жақсарту мен оны кеңейту туралы бастамаларды ерекше ықыласпен қабылдағанын жеткізді.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»
Ақтөбе облысы

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Әлем • Бүгін, 12:18
Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47
Дем алу қиындайды: Бүгін ел тұрғындарына далада серуендеу уақытын шектеу ұсынылады
Ауа райы • Бүгін, 11:25
Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алушылар жауапқа тартылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 11:09
Атырауда мектеп оқушысын автобус қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:53
Шымкентте әкімдіктен 10 млн теңге бопсалаған блогер сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:21
Федералды жаза: АҚШ-та ең ауыр қылмыс жасағандарды газбен тұншықтыруы мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:08
Солтүстікте жел күшейіп, оңтүстікте күн ысиды: 25 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:04
Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше