Елордада «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының базасында республикалық жастар ұйымдары көшбасшыларының кездесуі өтті. Кездесуге Қазақстан жастарының Конгресі мұрындық болғанын айта кеткен жөн.
Алқалы жиынға «Қазақстан жастарының Конгресі» заңды тұлғалар бірлестігі аппаратының жетекшісі Дәулет Әждар, «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары республикалық штабының жетекшісі Тоқтар Болысов, «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің қауымдастығы төрағасының орынбасары Аслан Нұртілеуов, «Жас Отан» жастар қанатының өкілі Дәурен Ұзақбаев және елордадағы жоғары оқу орындары жастар ісі жөніндегі комитеттерінің өкілдері мен студенттер қатысты.
Шара барысында жастар Мемлекет басшысының билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуін талқылады. Сонымен қатар, Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі идеяларына, онда айтылған, жастарға тікелей қатысы бар төртінші және бесінші басымдықтарға қатысты өзара ой бөлісті.
Айта кетейік, 25 қаңтарда Елбасы билік тармақтарының арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөнінде Үндеу жариялап, өз өкілеттіктерінің бір бөлігін Парламент пен Үкіметке беру туралы бастама көтергені белгілі. Жаңа өзгерістер бойынша Парламент Министрлер Кабинетін жасақтайды, Үкіметтің экономикалық саясаттағы өкілеттіктері күшейеді.
Арнұр АСҚАР,
«Егемен Қазақстан»

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Әлем • Бүгін, 12:18
Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47
Дем алу қиындайды: Бүгін ел тұрғындарына далада серуендеу уақытын шектеу ұсынылады
Ауа райы • Бүгін, 11:25
Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алушылар жауапқа тартылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 11:09
Атырауда мектеп оқушысын автобус қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:53
Шымкентте әкімдіктен 10 млн теңге бопсалаған блогер сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:21
Федералды жаза: АҚШ-та ең ауыр қылмыс жасағандарды газбен тұншықтыруы мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:08
Солтүстікте жел күшейіп, оңтүстікте күн ысиды: 25 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:04
Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше