Облыс орталығындағы Усолка өзенінде мұз үстінде дуэльді автожарыс өтті. Бұл жолы «Бұрқасын-2017» атауына ауа райы да сай келді. Ақпанның ақ түтек бораны, аязына қарамастан, өзен үстіндегі жарыс та қыза түсті. Автожарысқа Павлодар, Ақсу, Екібастұз бен Астанадан келген автошабандоздар қатысты.
Дуэльді автожарыстың қысқы шоуын тамашалауға қала тұрғындары, жастар, қонақтар өте көп жиналды. Автожарыстағы көліктердің зулаған жылдамдықтары, қатысушылардың шабытты сәттері, шұғыл бұрылыстар жасайтын ғажайып көріністері көпшілікті таңғалдырды. Мұз үстіндегі автожарыс әрі ерекше, әрі қауіпті. Бірақ, соған қарамастан, экстремалды спортқа деген қызығушылықтары басым автошабандоздар жарыс көрігін қыздырып, көрермендердің де көңіліне қанат бітірді. Мұз үстіндегі бұл ерекше жарысты еліміздің Авто-Мото-Спорт федерациясы, қала әкімдігі, облыстық жастардың бастамаларын қолдау орталығының қолдауымен «RedZone» қоғамдық бірлестігі өткізді. Қысқы дуэльді автожарыс қорытындысы бойынша А.Виндерголлер, К.Чистяков, А.Бочин, Н.Қабдуәлиев, Ф.Рахметов және басқалары жеңімпаз атанды.
– Биылғы жылғы «Бұрқасын-2017» автожарысы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін қолдау мақсатында өткізілді. «Бұрқасынға» қатысушылар саны жыл санап артып келеді, біз бұған өте қуаныштымыз. Өткізіліп отырған жарыстың мақсаты – автоспортты көпшілікке тарату және жастардың автоспортқа және саламатты өмір салтына деген қызығушылығын арттыру, – дейді «RedZone» қоғамдық бірлестігінің төрағасы К.Музалевский.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
ПАВЛОДАР
Суреттерді түсірген
Ольга МУЗАЛЕВСКАЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Әлем • Бүгін, 12:18
Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47
Дем алу қиындайды: Бүгін ел тұрғындарына далада серуендеу уақытын шектеу ұсынылады
Ауа райы • Бүгін, 11:25
Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алушылар жауапқа тартылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 11:09
Атырауда мектеп оқушысын автобус қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:53
Шымкентте әкімдіктен 10 млн теңге бопсалаған блогер сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:21
Федералды жаза: АҚШ-та ең ауыр қылмыс жасағандарды газбен тұншықтыруы мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:08
Солтүстікте жел күшейіп, оңтүстікте күн ысиды: 25 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:04
Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше