Жаңа жыл мерекесі өтіп, славян халықтарының түсінігіндегі «ескі Жаңа жылды» шығарып салғаннан кейін, үйдегі жасыл шыршаның да «қызығы» қалмайды. Қалалықтардың бәрі оны қоқысқа шығарып тастайды. Содан көп қабатты үйлердің маңында төбе-төбе болып жас қарағайлар шашылып жататын. Облыстық «Наша газета» газетінің редакциясы ұйымдастырған «Қош бол, шырша!» экологиялық акциясынан кейін осы көріністі жұрт ұмытуға айналды.
Газет редакциясы бұл акцияны 2004 жылы бастаған болатын. Олар қаланы таза ұстауға қалалықтардың назарын аудару үшін сол жылы газет оқырмандарын ұйымдастырып, 100 шырша жинапты.
– Келесі жылы қалалықтар акциямызды дуылдатып қолдап кетсін. 2005 жылы 1500 шырша жиналды, барлығын тізбесем де, кейінгі жылдарды айтайын. 2015 жылы – 4110, өткен жылы – 4421, биыл 4684 шырша жинадық, – дейді газет редакторы Ольга Колоколова.
Газет редакциясы бұл игілікті іске облыстық білім басқармасын да тартады. Биыл «Қош бол, шырша!» акциясына қатысқан 12 білім ошағының арасынан №16 орта мектеп 1453 жас қарағай жинап, жеңімпаз атанды.
Қала тазалығын сақтау ісіне жарияланған тендерден жұмыс ұтып алған «АВЗ» ЖШС жас қарағайларды сыртқа тасиды.
– Олардың жүк машинасына бір тасығанда 115 жас қарағай сыяды. Сонда 4600-ден аса ағашты қанша рет таситынын есептей беріңіз, – дейді Ольга Колоколова.
Ал кесілген қарағайлар қоқысты көбейтпей, әрі қарай пайдаға асады. Оны жер үйде тұратындар кептіріп отқа, моншаға жағады, жолда қар тоқтату ісіне пайдаланылады, уақ малға, қоянға витамині көп, таптырмайтын жем-азықтығы тағы бар.
Соңғы кезде әуесқойлар одан ағаш көмірін де дайындап жүр екен. Биыл қой өсірумен айналысатын кәсіпкер Есімхан Тәшетов әкесімен бірге 257 ағаш жинаған 1 сынып оқушысы Дарья Ермаковаға волейбол добын сыйлады. Жеңімпаз мектептердің оқушыларына демеушілердің көмегімен кинотеатрға билет, конфеттер сыйға тартылды, алғыс хаттар тапсырылды.
Газет редакциясы 2010 жылы көрші Ресейде өткен «Ең үздік акция» байқауына қатысып, үшінші орын алған болатын. Ал өзімізде олар үшін игілікті іс жеңімпаз болып отыр. Қостанай қаласы Қазақстандағы ең қолайлы, таза қалалар үштігіне кіреді. Осындай экологиялық акцияның да оған қосқан үлесі бары сөзсіз.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан»
ҚОСТАНАЙ

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Әлем • Бүгін, 12:18
Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47
Дем алу қиындайды: Бүгін ел тұрғындарына далада серуендеу уақытын шектеу ұсынылады
Ауа райы • Бүгін, 11:25
Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алушылар жауапқа тартылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 11:09
Атырауда мектеп оқушысын автобус қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:53
Шымкентте әкімдіктен 10 млн теңге бопсалаған блогер сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:21
Федералды жаза: АҚШ-та ең ауыр қылмыс жасағандарды газбен тұншықтыруы мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:08
Солтүстікте жел күшейіп, оңтүстікте күн ысиды: 25 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:04
Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше