13 Ақпан, 2017

Қазақстан Азия ойындарындағы алғашқы жарысын 18 ақпанда бастайды

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Жапонияда өтетін қысқы Азия ойындарындағы алғашқы жарыстарын 18 ақпанда бастайды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. 19-26 ақпан аралығында өтетін VIII қысқы Азия ойындарының алғашқы іріктеу сайыстары жарыстың ресми ашылу салтанатынан бір күн бұрын басталады. Онда Қазақстанның керлингтен ерлер және әйелдер құрамалары өнер көрсетеді. Ерлер арасындағы командалық жарыс жергілікті уақытпен сағат 13:30-16:30 аралықтарында өтеді. Ал әйелдер арасындағы дода 9:00-12:00 және 18:00-21:00 аралықтарында өтпек. Естеріңізге сала кетейік, Саппорада жарыстар спорттың 11 түрінен өтеді. Бұл: биатлон, тау шаңғысы,керлинг, конькимен жүгіру, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, сноуборд, мәнерлеп сырғанау, фристайл (могул), шайбалы хоккей және шорт-трек. Қазақстандықтар аталған спорт түрлерінің барлығында бақ сынайды.