WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) Big Bear лагерінде өткізген жаттығуларына қарап WBA (Regular) белбеуінің иегері америкалық Дэниел Джейкобсты (32-1, 29 КО) жеңетінін алдын ала білуге болады, деп жазады LA Times басылымы.
«Бізге келіп жаттығатын таланатты жастар көп. Бірақ олар менің жасағанымды қайталай алмайды. Жастар үшін бұл тым күрделі. Мұнда келгендер менің өзгеше дайындалатынымды біледі. 34 жасқа келсем де, жоғары деңгейде жаттығып жүрмін, әрине бұл мені қуандырады», – деді Головкин.
GGG-дің күшіне шек келтіруге болмас. 36 жекпе-жектің 33-ін мерзімінен бұрын аяқтап, 23 кездесуін қатарынан нокаутпен жеңген, деп жазады LA Times.
«Уақыт өте келе бәлкім қарсыластарымның соққыларын сезінетін болармын. Мүмкін сол кезде жүрексінетін шығармын. Бірақ қазіргі уақытта өзімді барынша күшті сезіну үшін тынбай жаттығып жүрмін. Қарсыластарымның соққысына төтеп беру үшін иегім мен мойнымның бұлшық еттерін жиі шынықтырамын. Себебі, бір ғана соққы жоспарымның күл-талқанын шығаруы мүмкін», – деді қазақстандық боксшы.
Геннадий соңғы спарринг кезінде екінші орта салмақтағы британ боксшысы Джордж Гроувстің қабырғасын сындырыпты. Ал соңғы жекпе-жегінде қарсыласы Келл Бруктың көзін шығара жаздаған болатын.
«Бұл жерде көп нәрсе тек күшке ғана байланысты емес. Шаршы алаңда өзіңді ұстауың, сенімділігің болу керек», – деді ол.
Айта кетейік, Головкин 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында америкалық Дэниел Джейкобспен жұдырықтасады. Елімізде бұл кездесуді «Қазақстан» және «KazSport» телеарналары 19 наурызда 08:00-де тікелей эфирде көрсетеді.
• 15 Наурыз, 2017
Головкин: Шаршы алаңда өзіңе деген сенімділік болу керек

АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58
Маңғыстау облысында 100-ден астам жылқы қырылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде финалға шықты
Спорт • Бүгін, 10:52
Киевте белгісіз біреу атыс шығарды: 6 адам қаза тапты, 14 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 10:03
19 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Синоптиктер ескерту жариялады: Бірқатар облыста үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 09:19
Тұлға • Кеше
Ауа райы • Кеше