Аймақтар • Бүгін, 11:47

Маңғыстау облысында 100-ден астам жылқы қырылып қалды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысында қатты жел мен нөсер жаңбыр салдарынан 100-ден астам жылқы қырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау облысында 100-ден астам жылқы қырылып қалды

Жергілікті әкімдіктің хабарлауынша, Сайөтес пен жетінші разъезд арасындағы, аудан орталығынан 120-150 шақырым қашықтықта орналасқан аумақта жылқылардың қырылу деректері анықталған. Бұл туралы алғаш болып әлеуметтік желілерде малынан айырылған жергілікті тұрғындар хабарлаған.

Жылқы көбейсе – ел ырысы

Жағдайды бағалау үшін мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен арнайы комиссия құрылды.

«Комиссия шаруа қожалықтарының иелерімен бірлесіп жұмысты жалғастырып жатыр. Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру базасында тіркелген қырылған малға өтемақы төлеу мәселесі қолданыстағы заңнама аясында қаралады. Шешімді төтенше жағдайлар, ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы уәкілетті органдар қабылдайды», деп хабарлады аудандық ішкі саясат бөлімі.

Жергілікті атқарушы органдар қырылған малдың нақты санын анықтап жатыр, өйткені мал иелері әзірге толық есеп жүргізе алмай отыр.

Жылқы жалындағы жыл

Жылқылар қатты жел мен нөсер жаңбыр салдарынан қырылған.  Жедел әрекет ету үшін Бейнеу ауданынан Ақшымырау ауылына «Трэкол» жол талғамайтын көлігі жіберілді, жоғалған малды іздеу үшін дрондар арқылы әуеден бақылау ұйымдастырылды. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Маңғыстау ауданында болып, тұрғындармен кездесулер өткізіп, барлық қажетті жұмыстарды үйлестіріп жатыр.

«Оқиғаның салдарын жою үшін барлық күш пен құрал жұмылдырылды. Суды сору және қалпына келтіру жұмыстары күшейтілген режимде жалғасады. Жағдай ерекше бақылауда», деп хабарлады Маңғыстау ауданы әкімдігі.

Соңғы жаңалықтар