Облыс орталығындағы Достық үйінде көктем мерекесін қарсы алған «Буковино» аталатын румын-молдаван этномәдени бірлестігінің өкілдері осылай дейді. Наурыздың алғашқы күндері Молдова және Румынияда көктемді қарсы алу ғана емес, салт-дәстүр мерекесі саналады екен.
Орталық жетекшісі Аурика Дяк Мэрцишор да Наурыз мейрамы сияқты көктем, жаңару мерекесі. Бұл мерекеде бір-бірімізге ақ, қызылды-жасылды жіптерден жасалған гүл түріндегі шағын ілмектерді сыйлаймыз. Бұл сыйлықтар, мерекенің аты сияқты мэрцишор деп аталады. Бұл ілмектерді сәуірдің ортасына дейін мойнымызға тағып жүреміз де, содан соң, ағаштарға ырым етіп тілек орындалсын деп байлаймыз. Бұл сондай көне, аңызға арқау болған мерекеміз саналады. Сондықтан Достық үйінде өткен көктемді қарсы алу шарасында біз бұл аңыздардың бәрін де айтып, көрсетіп бердік. Мақсат − жастарымыз, кішкентай румын-молдаван ұл-қыздары білсін, өздерінің салт-дәстүрлерін ұмытпасын деген ой. Біз Қазақ жерінде тату-тәтті өмір сүрудеміз. Барлық мейрамдар бәрімізге ортақ. Наурызды біз де асыға күтеміз. Елбасына үнемі рахмет айтамыз, дейді.
Сөйтіп, Достық үйінде биылғы Мэрцишорды – көктемді қарсы алуға жиналған жұртшылыққа би ансамблдері, «Фантазия» ансамблі, румын-молдаван этномәдени бірлестігінің вокалдық ансамблі, «Толқын» және «Алтын дауыс» вокалдық дуэттері, жеке орындаушылар өнер көрсетті..
− Қазір біздің бірлестік те басқалар сияқты ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындалуда. Шет елден келген қонақтарға елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдерінің тыныс-тіршілігін, өнерін, ән-биін, қолөнерін көрсететін боламыз, – дейді Аурика Дяк.
Ақпан айында «Буковинаның» жастар қанаты Роман Красаев, Полина Алкуца, Анна Дяк, Глеб Красаев, Анастасия Кузнецова, Алиса Алиева Ресейде өткен «Біз білетін Қазақстан» атты олимпиадаға қатысып, жүлдегер атанып қайтыпты. Облыста соншалықты көп болмаса да румын-молдаван диаспорасы жиі бас қосуды, өз елдерінің тарихы, әдебиеті, тіл үйрену жайлы әңгімелесіп, әндерін айтып, билерін билегенді жақсы көреді.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар
Суретті түсірген
Мақсат АЙТБАЕВ

Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58
Маңғыстау облысында 100-ден астам жылқы қырылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде финалға шықты
Спорт • Бүгін, 10:52
Киевте белгісіз біреу атыс шығарды: 6 адам қаза тапты, 14 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 10:03
19 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Синоптиктер ескерту жариялады: Бірқатар облыста үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 09:19
Тұлға • Кеше
Ауа райы • Кеше
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Кеше