Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандық жол» атты Брайль шрифтімен басылған кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат. «Мемлекет басшысын қолдау масатында Елбасының кітаптарын басып жатырмыз. Бүгін біз қалың көпшілікке таныстыру үшін Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандық жол» атты кітабын алып келіп отырмыз», – деді әлеуметтік қорғау саласындағы облыстық үйлестіру кеңесінің отырысында «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» РМК директорының орынбасары Мақсұт Жұмабеков. Кітаптың түпнұсқасы 356 беттен тұрады. Алайда, оны Брайль шрифтімен басқан кезде кітаптың парақтарының саны көбейіп, 1080 бетті құрады. Сонымен қатар кітап цифрлы форматта жеткізілді. Ол жалпағынан басылған түпнұсқадан аумайды. Осыған қарай бұл кітап 356 беттен тұрады. Аудиокітаптың ұзақтығы 20 сағаттан асады. Кітап барлық әлемдік стандарттарға сай. Брайль шрифті зағип жандар мен нашар көретін азаматтарға арналған.
Астанада бір көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Кеше
Алматы облысында 73 майдангердің есімі көшелерге берілген
Өшпес даңқ • Кеше
Орлов шахтасында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Кеше
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Кеше
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Кеше