Павлодарда ұзақ уақыт жанатын әрі тозаңы аз брикеттелген көмір өндірісі іске қосылды, деп хабарлады BNews.kz.
Зауыт Оңтүстік Кореяда шығарылған заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ол қарапайым көмірге қарағанда жылуды 4-5 есе көп беретін және оны 8 сағатқа дейін сақтайтын көмірдің екі түрі шығарылады. Жекеменшік үйлердің пештеріне арналған «Сотан» маркалы көмір 24 кг қаптарға брикеттелген. Ал 3 кг брикеттерге қапталған «Елтан» көмірі тек Оңтүстік Кореяда шығарылатын қазандықтарға арналған.
Облыс әкімі Болат Бақауовтың ұйғарымымен 100 қазандық ауылдық аймақтарда тұратын аз қамтылған отбасыларға берілетін болады. Зауыттың өнімі жеке үйлердің пештеріне ғана емес, сондай-ақ өндірістік қазандықтардың пештеріне де жарайды.
Құны 230 миллион теңгені құрайтын жеке инвестицияларға салынған зауыт әр ауысым сайын 90 тонна брикеттелген көмір шығаруға қауқарлы. Ал кәсіпорында қызмет ететін 18 жұмысшының жалақысы орташа есеппен 80 мың теңге.

Астанада бір көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Кеше
Алматы облысында 73 майдангердің есімі көшелерге берілген
Өшпес даңқ • Кеше
Орлов шахтасында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Кеше
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Кеше
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Кеше