Бұл еңбекті оқып шығып, мемлекеттік тілге қатысты тарауларды қарай отырып, «Е, Елбасы менің өмір бойғы арманымды жазған екен» деген ойға келдім.
Елбасының тіл туралы айтқанынан әлі асырып айтқан адам жоқ. Мемлекеттік тілдің мәселесі көтерілетін жерде «Қазақтың өнері бармақтың басында, тілдің ұшында» деген сөзді жиі қолданып жүретінмін. Сөйтсем мұны да айтқан Мемлекетіміздің басшысы екен. Бұрын да қазақ тілінің сөзі сөйленетін жерде аузымыз жеткенше шырылдап, айтудай айтып келеміз, жазуымызда да кемістік жоқ. Бірақ «Ұлы Дала лағаттарында» осының бәрі соншалықты толғанып, тебіреніп, жетемізге жеткізіліп, күйзеліп те жазылған жолдарды оқып, жүрегім езілді. Жаным ауырды. Өйткені тіл туралы сөз − ең жанды жеріміз екенін Елбасымыз айтып келеді.
Тәуелсіздіктің өзі бізге оңайлықпен келмеген болса, тілге мемлекеттік мәртебе берілуі өлшеусіз сый екенін саналы қазақ түйсінеді. Бірақ үлкен қызмет атқарып отырса да, ана тілінің халіне жүрдім-бардым қарайтындар әлі жеткілікті екенін Елбасымыз жазып отыр. «Халықтың көз алдында жауапты қызметтерде отырған қазақтардың өздері мемлекеттік тілді менсінбейді» деген жолдарды айызым қанып оқыдым.
Бірақ айналайындар-ау, мына жаһандану заманында қазақ тіліне өзіміздің жанымыз ашып, өзіміз жалаулатып, өзіміз жарқыратпасақ, кім оның сырттан келіп көсегесін көгертеді? Елбасы да осы кітапта, бәріне кінәлі ұлттық намыстың аздығы екенін айтыпты ғой.
Мен Елбасын жан-дүниеммен түсінемін, саясатын қолдайтынымды, парасатына бас иетінімді ешқашан жасырған емеспін. Алайда жаныма тиетіні, осы тіл мәселесіне келгенде неге бір жұдырықтай жұмылып, мемлекеттік тілде бір кісідей сөйлемейміз? Кім келіп біздің аузымызды жауып жатыр?
Бұл кітапта тәуелсіздікке дейін де тіл үшін күрес пен текетірестер жүргені жазылған. Тәуелсіздіктің өне бойындағы тілді дамыту үшін жүргізілген бастамалар да, бағдарламалар да қамтылған.
«Қазақтың болашағы – қазақтың тілінде», «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» дегенді де айтқан Елбасы. Бұл кітабында соның бәрін ретімен еске түсіріпті. Мұның бәрі менің жаныма өте жақын жағдаяттар болғандықтан, осы тараудағы Елбасының қасиетті тіл алдындағы жауапкершілігін, жан тебіреністерін сеземін.
Содан бері не өзгерді деп сұрақ қояды автор. Ұтқанымыз, ұмытқан тұсымыз, тіпті ұтылғанымызды да ауыр да болса мойындапты. Елбасы жаһандану жағдайында жалғыз тілмен қала алмайтынымызды да біліп отыр.
Енді тілді сақтайтын да дамытатын да − қазақтың шұрайлы тілі қалыптасқан орта, қазақтың өнері. Елбасы жазып отырғандай, қазақ тілінің қанық бояулары сіңген – халық әндері. Меніңше, тілді дамытуға мәдениет саласы да, өнер адамдары, мына сіз бен біз, баршамыз жауаптымыз.
Ендеше ағайын, тіл мәселесіне келгенде мемлекеттік тілге тілекші болайықшы. Осы айтылғандардың кілтін тауып, қазақ тілінің ғұмырын баянды етейікші.
Ана тілі әркімнің өзі үшін керек болса, мемлекеттің тілі ұйыстырушы негізгі фактор. Ал біз кешегі небір Алаш арыстары армандап өткендей, қазақ тілін Ата Заңмен төрге шығардық.
Енді қазақ тілінің ғұмыры ғасырдан ғасырларға жетіп, тіл шаттығы тарқамасын, мұндай бақыт ортаймасын мәңгілік дейтін болсақ, онда бізге үлкен табандылық керек.
Сондықтан да аталмыш туындыдан мен өзіме керегімді таптым, талмай айтып жүрген армандарымды оқыдым.
Асылы ОСМАН,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
АЛМАТЫ

Таза пайда 93%-ға өсті: Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:58
Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады
Білім • Бүгін, 14:47
Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 13:51
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Үкімет • Бүгін, 13:30
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:20
«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:12
Елімізде ескі үлгідегі 2 000 теңгелік банкноттар айналымнан шығарылады
Қаржы • Бүгін, 12:55
«Таза Қазақстан»: Астанада мектеп оқушылары сенбілікке қатысты
Экология • Бүгін, 12:50
Астанада 2 мың доллар үшін үй өртемек болған тұрғын сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:43
85 млн теңге желге ұшты: Оқудан шығарылғандарға қайта грант тағайындалған
Қаржы • Бүгін, 12:29
Жүлде қоры – 21 млн теңге: Абай облысында «Ақтоғай Арғымағы – 2026» бәйгесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:10