Қытайда тұратын 22 жастағы Бейсен Насиоллаұлына қазақстандық кәсіпқой бокс шебері Геннадий Головкинге қатты ұқсайтындығына байланысты «One G» деген лақап ат қойылған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
«Мен бір жыл бұрын Генамен бірге түскен суретімді жариялап, оған қатысты жалған ақпарат тарағанына куә болдым. Біз онымен Юньнань провинциясының Куньмин қаласында 2015 жылы WBC-тің жылдық есептік отырысында кездескен едік. Негізі, теория жүзінде мен онымен рингке шыға алам, алайда қазір мен екі салмақ төмен дәрежеде жаттығам. Менде ондай мүмкіндік болған күннің өзінде, Головкинмен жекпе-жекке шықпас едім. Себебі ол қазақстанның туын биіктерге көтеріп жүрген жігіт. Мен Қазақстан азаматы болмасам да, қаным қазақ. Сондықтан онымен бәсекелес болмас едім», дейді Байшан Бо (қытайлықтар оны осылай атайды екен) ҚазАқпаратқа берген сұхбатында.
Бейсен, сондай-ақ, оны қазақ тіліне шорқақ деп жазылған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын да айтып өтті. Қазіргі сәтте қандасымыз 17 желтоқсанда австралиялық былғары қолғап шеберімен жеңіл салмақта WBA нұсқасы бойынша Азия чемпионы атағы үшін өтетін жекпе-жекке қызу дайындалып жатқанын жеткізді.
Айта кетейік, Бейсен Насиоллаұлы кәсіпқой рингте 11 жекпе-жек өткізіп, 10-ында жеңіске жеткен (5-еуі нокаут), бір кездесу тең аяқталған.
• 25 Қараша, 2016
Қазақ туын көтерген Головкинмен бокстаспаймын - Насиоллаұлы

Елордада веломаусым ашылды: 700-ге жуық қатысушы «Таза Қазақстан» акциясына үн қосты
Оқиға • Бүгін, 20:58
Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00