Павлодар қаласында Бокстан Қазақстан чемпионатының 5-ші күні артта қалды. Бұл күні шаршы алаңға 52, 56, 60, 64, 69, 75, 81 және 91 кг салмақ дәрежесіндегі боксшылар шығып, жартылай финалдың жолдамаларын сарапқа салды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Рио-де-Жанейро Олимпиадасынан келгеннен кейін, 75 келі салмақтан 81 келіге ауысқан Жәнібек Әлімханұлы ширек финалдық бәсекесін мерзімінен бұрын аяқтап, тілшілерге берген сұхбатында кәсіпқой боксқа ауысу мәселесі ел біріншілігінен кейін белгілі болатынын айтты.
«Жаңа салмақ маған аса бір қиындық тудырып жатқан жоқ. Бұл салмаққа да жақсы дайындықпен келдім. Өздеріңіз білесіздер, 81 келі салмақта осыған дейін Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов өнер көрсетіп келді. Ол Риода жүлдегер болғаны үшін ел біріншілігінен босатылған. Мен Әділбекті аға ретінде өте қатты сыйлаймын. Ал рингте жолығып жатсақ, бір-бірімізге жақсы қарсылас болатынымызға да сенем. Ал кәсіпқой боксқа ауысу мәселесі ел біріншілігі аяқталған соң барып, белгілі болады. Дәл бүгін, ертең ешнәрсе айта алмаймын», – деді Жәнібек Әлімханұлы.
Естеріңізге сала кетейік, Павлодарда өтіп жатқан ел біріншілігі 27 қараша күні өз мәресіне жетеді. Үздік шыққан боксшылар ұлттық құрамаға қабылданады.
• 25 Қараша, 2016
Әділбекті сыйлаймын, ал рингте жақсы қарсылас боламыз – Әлімханұлы

«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысқан бір топ азаматты марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Экология мәселесін ешқандай ел жалғыз шеше алмайды: Президент жастарға тарихи миссия жүктеді
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы қоғамдық мәні зор құндылыққа айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22
Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Әлем • Бүгін, 12:18
Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47