«Мұзбалақ» анимациялық фильмі көрерменге келер жылы жол тартпақ, деп хабарлады Қазақфильмнің ресми интернет-ресурсы.
60 минуттық анимациялық фильмді жарыққа шығару үшін үш жыл тапжылмай еңбек ету керек. 22 адамнан тұратын шығармашылық топ шамамен 85 мың сурет салуы тиіс. Фильмнің режиссерлері Тілек Тілеуғазы мен Тұрдыбек Майдан дайындық жұмыстары 2015 жылдың қыркүйегінде басталғанын жеткізді. Анимациялық фильм 2017 жылдың тамыз айында дайын болмақ.
Режиссердің пікірінше, шет елдік өнімдерге қарағанда отандық фильмдердің берері мол. Патриоттық сезімді оятып, дәстүрді дәріптеп, ұлттық идеологияны насихаттайтын бірден бір құрал - анимациялық фильмдер. «Мұзбалақ» көрінісінің желісінде адамның бүркітті алғаш рет қолға үйретуі баяндалады. Онда қыран құстың қазақ арасындағы ерек орны мен қасиеті көрсетіледі. Дайындық барысында Қазақстанның көрікті жерлері зерттеліп, ұлттық нақышта кейіпкерлерді көрсетуге аса көңіл бөлінген.
«Әрине, фильм ұлттық болғаннан кейін, қазақи болғаннан кейін оның стилін де қазақи етіп шығару керек болды. Демек, көріністердің тереңдігін, қазақ жерінің байлығын, кеңдігін, әдемілігін, сұлулығын көрсету керек. Сол үшін осы көріністерге барымызды салып, арнайы экспедициямен шығып, фотоға түсіріп, соны зерттегіннің барлығын, түйгенімізді осы фильмге салып отырмыз», - деді «Мұзбалақ» анимациялық фильмінің қоюшы-суретшісі Адай Әбілданов.
Сонымен қатар, «Қазақфильм» киностудиясында «Күлтегін» толықметрлі мультфильмінің өндіріске дайындық жұмыстары басталды. Бұл жоба Адай Әбілдановтың режиссерлік етуімен жарық көрмек. Алдағы уақытта оның шығу уақыты белгілі болады.

Аида Балаева: Креативті экономика тек шабыт пен идеяға ғана сүйеніп дами алмайды
Қоғам • Бүгін, 21:33
Елордада веломаусым ашылды: 700-ге жуық қатысушы «Таза Қазақстан» акциясына үн қосты
Оқиға • Бүгін, 20:58
Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20