Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Алексей Ни өзінің командадан кету себебін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бүгін Алексей Нидің қызметінен кететіні белгілі болды. Ол Қазақстан құрамасымен 1994 жылдан бастап жұмыс істеп, 6 Олимпиада мен 15 әлем чемионатын өткізді. Соңғы бірнеше айдың ішінде Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) қазақстандық ауыр атлеттерді 7 медальдан айырды. Оның бесеуі - алтын, біреуі - күміс, біреуі - қола.
- Мен өз еркіммен ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін босату туралы шешім қабылдадым. Бұл туралы споршыларымның допинг-сынамаларын тексеру басталғанда-ақ ойлаған болатынмын. Бірақ ол кезде Рио Олимпиадасына команданы дайындап, алға жылжу керек болды. Себебі маған жауапкершілік артылды. Сол кезде, егер споршыларымды қорғай алмасам, олар медальдарынан айырылса, мен одан әрі жұмыс істемеймін, солармен бірге кетемін деп шешіп қойғанмын. Жақын арада құрамаға басқа бапкер тағайындалады, деді Ни.
Алексей Ни жұмыстан кету туралы өтінішін қабылдаған Министрлікке, ҰОК мен Федерацияға, оны және спортшыларын қолдаған халыққа алғысын білдірді.
"Менің қызметімнен кеткенім - спорттағы отбасымды қолдағаным. Бұл өз кінәңді мойындау емес", деді Ни.

Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Бүгін, 20:45
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Бүгін, 20:40
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Бүгін, 20:28
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Бүгін, 20:16
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 20:03
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59