Футбол • Бүгін, 18:01

Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» ФК басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды

Фото: «Ақтөбе» ФК, инстаграм

Басқарма төрағасы қызметіне жаңа жетекшінің тағайындалғаны ресми түрде жарияланды.

«Ақтөбе» клубы Бақытбек Темірбекұлы Дүзелбаевтың басқарма төрағасы лауазымына тағайындалғанын хабарлайды. Шешім клубтың алдағы дамуы мен команданың спорттық нәтижелерін арттыру міндеттерін ескере отырып, белгіленген тәртіппен қабылданды», делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін клуб бұл қызметтен Арман Оспановты босатқан болатын. Мұндай шешім команданың соңғы ойындарындағы нәтижелерді саралау қорытындысы бойынша қабылданған.

Миллиардер Шухрат Ибрагимов «Тобыл» футбол клубын сатып алды

Қазіргі таңда Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымында алты турдан кейін «Ақтөбе» 7 ұпаймен турнир кестесінде 10-орында тұр.

«Атырау» футбол клубының жаңа иесі анықталды

Соңғы жаңалықтар