Биылғы жылдың басында Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит қазақстандықтардың бейбітшілік бастамасына бай сындарлы саясатын жаһан жұртына тағы паш етті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінде адамзат қоғамы ықтимал сын-қатерлер алдында тұрғанын, бұл қауіптен атомды бейбіт мақсатта пайдалану арқылы жол табуға болатынын нақты дәйектемелермен сөз етті.
Біз осы орайда еліміздегі ажал араны болған атомға қарсы күрес пен азаматтық қоғамның қатар дүниеге келгенін айтуға тиіспіз. Жалпы, антиядролық қозғалыс – Қазақстандағы азаматтық секторды құрудағы алғашқы қадам. «Невада-Семей» қозғалысы қарапайым еңбекшілер мен мемлекеттің бірінші тұлғаларын біріктіре отырып, еліміздің тарихындағы тұңғыш үкіметтік емес ұйым ретінде тіркелді. Нәтиже: қазір мемлекетімізде атом қуаты бейбіт мақсатта пайдаланылуы тиіс дегенді берік ұстанған жаңа буын қалыптасты. Яғни, ұлттық қасірет пен сенім келешекте миллиондаған қазақстандықтардың жүрегін біріктірді.
Семей полигонынан туған қайғы-кесапат сол кездегі кеңестік Қазақстанның өзінде азаматтық сектордың құрылуына және тұңғыш азаматтық бастамалардың пайда болуына серпін берді. «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы ұранымен жарылыстардан зардап шеккен тұрғындар ядролық қарудың генетикалық мутацияға алып келетінін айтып, халықтың көзін ашуға және полигонды жауып, зардап шеккен халыққа көмек көрсету туралы заң қабылдауға жетуді алдарына айқын мақсат етіп қойған еді. Президент Н.Назарбаевтың Жарлығымен оған 1991 жылы 29 тамызда қол жеткіздік. Дәл осы күн ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні болып жарияланды. Осылайша, қазақ халқы азаматтық сілкініс жасап мақсатына жетті және жаһандық шешім қабылдау арқылы еркін қоғамға алғашқы қадамын жасады.
Айта кетелік, полигоннан зардап шеккен аумақ алаңы 304 мың шаршы шақырымға тең. Оның сынақ жылдарында қалдырған генетикалық және экологиялық зардабын қалай бағалауға болады? Полигон жарылыстары кезінде жерүсті жарылыстары мен газды фракциялары арқылы әуеге 55 радиоактивті бұлт және 169 жерасты сынақтары жүргізілді. Осы 224 жарылыс Қазақстанның шығыс бөлігіндегі аумағын түгелімен радиациялық улы қалдықтармен ластады.
Әлемдегі ядролық эйфорияны әшкерелеген ең қауіпті кезеңдердің бірі Чернобыль атом электр стансасындағы апат болды. Мен апатты жоюға қатысушы ретінде сол кезде санамда үлкен бетбұрыс болғанын сездім. Бұл жағдай басқа адамдар сияқты мені де өзгертті. Чернобыль қасіреті де азаматтық қоғамды дамытуға түрткі болды. Осы кезеңде өз өміріміз бен келешек ұрпақтың өмірі алдындағы азаматтық жауапкершілік сезімін түсіндік. Сондықтан, сол уақытта азаматтық парыз аясында экологиялық қозғалыстар мен қоғамдық ұйымдар ашыла бастады. Шығыс Қазақстанда да азаматтық белсенділіктің ұшқындары пайда болды. Бүкіл ел бойынша азаматтық белсенділер экологиялық қауіпсіздікке, халық денсаулығына және қоршаған орта қауіпсіздігіне, азаматтар құқын қорғауға алаңдаушылық білдірді.
Қазақстанның бастан өткерген тарихы антиядролық стратегияның көшбасшысы болу құқын сыйлады. Бүгінде Мемлекет басшысы мен еліміздің саясаты экологиялық қауіпсіздікке, бейбіт атомға және әскери мақсаттағы ядролық жобаларды пайдаланудан бас тартуға бағытталған. Елбасымыз ұсынған антиядролық бастамалар көптеген елдерді қамтыды. Ал Қазақстан әлемдік қоғамдастыққа өзін сенімді әріптес ретінде танытты.
Қазір лаңкестік шабуылдардан құты қашқан әлемдік қоғамдастық Қазақстанның, Елбасының бұл мәселедегі жоспарларының сұңғылалығын айқын сезініп, құрметпен қарайтын болды. Мемлекет басшысының манифесінде ядролық жойқын қарулардың жекелеген топтардың қолына түсуі қаупі тағы да сараланды. Сондықтан, атомды бейбіт мақсатта пайдаланудың өзектілігі өсе түсті. ХХІ ғасырдың күрделі мәселелерінің бірі ядролық терроризм, сондай-ақ, ядролық және радиоактивті материалдардың заңсыз айналымы болуы мүмкін. «Соғысты жою – адамзаттың күрделі өркениеттік міндеті. Бірақ оның баламасы жоқ», – деп мәлімдеген болатын қанқұйлы ядролық салдарларсыз әлемге тағы да табандылықпен ұмтылған Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстанға деген жоғары деңгейдегі сенім МАГАТЭ жобасын жүзеге асыруда да байқалды. Ашық байқаудың қорытындысы бойынша, Қазақстан өз аумағында банкті орналастыруға үміткер бірден-бір ел атанды. 2012 жылы мамыр айында МАГАТЭ делегациясы Астана мен Өскемен қалаларына келді. Делегация мүшелері Уран банкін орналастыруға арнап ұсынылған алаңдармен танысқаннан кейін Үлбі металлургиялық зауытын таңдады. МАГАТЭ-нің төмен байытылған уран банкі тұжырымдамасы ерекше жағдайларда ғана пайдалануға болатын қосымша қор құруға негізделген. Яғни, МАГАТЭ мүшесі – белгілі бір мемлекет саяси себеп-салдарлармен дәстүрлі тасымалдаушыдан отын алуға қол жеткізе алмаған жағдайда аталған қор іске қосылады. Кез келген жаңа бастамалар сияқты, бұл идея да бірқатар сыбыс пен жорамалға арқау болды. Аталған мәселені белсенді түрде талқылауға үкіметтік емес ұйымдар да атсалысты. Осы бағытта жүргізілген жеке зерттеулер нәтижесінде, азаматтық сектордың бұл жобаны қоғамның қабылдауын сауатты негізде қалыптастыруға үлес қосқанын айтқым келеді.
Олег ЧЕРНЫШОВ,
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Азаматтық альянстың төрағасы
ӨСКЕМЕН

Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12
Тоқаев: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі
Президент • Бүгін, 16:10
Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды
Президент • Бүгін, 16:06