Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өтіп жатқан «Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғаудың, өсімін молайтудың және олардың объектілерін орнықты пайдаланудың өзекті мәселелері» тақырыбында өтіп жатқан «дөңгелек үстел» барысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді.
«Қазақстан орманы аз мемлекеттер қатарына жататындығы белгілі. Орманды алқаптар елдің 4,6 пайызын ғана алып жатыр. Сондықтан екпелерді көбейту министрліктің негізгі міндеттерінің бірі. Осы орайда, жергілікті әкімдіктер бекіткен жоспарға сәйкес өңірлерде жасыл аймақтарды құру, елді мекендерді көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Осынау маңызды жұмыстарды атқару үшін әр өңір бойынша 5 жылдық жоспар жасалып, бекітілді. Айта кету керек, бұл жұмыс биылға дейін жүйелі жүргізілмеген болатын. Дегенмен, соңғы 10 жылда 2005 жылғы 31 мыңнан осы жылы 55 мың гектарға дейін ұлғайды», – деп атап өтті вице-министр.
Бұл ретте ол Елбасы тапсырмасына сәйкес Астана маңында жасыл желек құру жұмыстарының қарқынды жүргізіліп жатқанын баса айтты. Бүгінде бұл аймақтың көлемі 75 мың гектарға жеткен.
«Орман саласын қолдау мен сауықтыру бойынша бірқатар шешім қабылданды. Олардың бастылары мыналар: жұмыр ағаш материалдарының экспортына тыйым салу, сексеуіл ормандарындағы ағаш кесудің барлық түріне мораторий жариялау. Қылқан жапырақты ормандарда санитарлық мақсатта және өртенген орман ағаштарын кесуге тыйым салу мәселесі қарастырылуда. Сонымен қатар табиғи қалдықтарды да қолдануға тыйым салынды. Сауда орындары мен жанармай құю бекеттерінде сексеуіл сатуға тыйым салу жөніндегі шаралар қолданылуда», – деді Нысанбаев.
Бұдан бөлек, вице-министр Қазақстанда орман алқаптарын ұлғайтуға мүмкіншілік жасау мақсатында орман пайдалану және ормандарды толықтыру мәселелерін дамыту, жеке орман өсіру институтын, ағаштұқымдастарын өндірістік және энергетикалық мақсатта плантациялық өсіруді дамыту көзделіп отырғанын баса айтты.

Енді азаматтар зейнетақы активтерін интернет-платформа арқылы бақылай алады
Инвестиция • Бүгін, 16:02
Ақмарал Әлназарова мереке қарсаңында медицина қызметкерлерін марапаттады
Медицина • Бүгін, 15:57
Астанада заңсыз ет өнімдерін сатып келген жасырын цех анықталды
Қоғам • Бүгін, 15:45
Ақмола облысында жылына 60 млн дана кірпіш өндіретін зауыт іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 15:34
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Air Astana рейстерді тоқтату мерзімін ұзартты
Оқиға • Бүгін, 15:15
Айыппұл арқалап жүрмеңіз: Алматы – Астана тасжолында жаңа камералар іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 14:50
Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтардың кезекті легі елге аман-есен жеткізілді
Саясат • Бүгін, 14:40
Әлихан Бөкейханның туғанына – 160 жыл: Астанада Алаш ардақтыларына тағзым етілді
Тұлға • Бүгін, 14:30
Шымкенттегі 4 адамның өлімі: Мамандар қайғылы оқиғаның алдын ала себебін атады
Оқиға • Бүгін, 14:17
Щучинсктегі өрт: Дәмхана иесі екі айға қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 14:00
Иранның дроны Әзербайжан аумағына құлады: Шекараға әскер топтастырылып жатыр
Әлем • Бүгін, 13:50
Телеграмда скинхедтер чатын құрған жасөспірім жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:45
АҚШ-тың Ирандағы мектепке жасалған шабуылға қатысы бар ма?
Әлем • Бүгін, 13:43
Атыраудағы қылмыс: Индонезияда ұсталған күдіктілер елге қашан жеткізіледі?
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 13:31
Өмір сүру сапасы рейтингі жарияланды: Қазақстан қаншасыншы орында тұр?
Қазақстан • Бүгін, 13:20