Су тасқыны • Бүгін, 13:48

Қызылорда облысында ауылды су басу қаупі сейілді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, елді мекенде жауын-шашынның көп түсуінен арық арнасынан асып кеткен. Дегенмен, ауыл үшін аса ауыр зардаптардың алдын алу мүмкін болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылорда облысында ауылды су басу қаупі сейілді

Фото: Видеодан алынған кадр

Ведомствоның хабарлауынша, тұрғын үйлерді қорғау мақсатында инертті материал салынған 1 500 қап төселген. Сонымен қатар арық тереңдетіліп, су арнайы каналға және шабындық алқаптарға бұрылған. Барлығы 1 178 текше метр су сорып шығарылған.

Салдарын жою жұмыстарына ТЖД мен жергілікті қызметтердің шамамен 320 маманы, 13 мотопомпа және 17 техника жұмылдырылған.

Су тасқыны: Ақмола облысында жағдай қалай?

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы Прапорщиково ауылы тұрғындары да алаңдаушылық білдірген. Көктемгі су деңгейінің көтерілуінен Ертіс өзеніне жақын орналасқан көшеде топырақ опырылып түсе бастаған.

Тұрғындар үйлердің өзенге құлап кетуінен қауіптенген еді. Кейін облыс әкімдігі жағдай бақылауда екенін айтып, мамандар жағалауды бекіту жұмыстарын жалғастырып жатқанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар

Жошының жорығы мен жосығы

Мирас • Бүгін, 12:55