Аймақтар • 29 Қараша, 2018

Қарағанды 60 мың текше метр қардан тазарды

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қараша айының басынан бері кеншілер астанасы көшелерінің жолдарын басып қалған 57 570 текше метр қар тысқа шығарылды. Бұл қауырт шаруамен «Тазалық Эксперт» компаниясы айналысып жатыр. Аталған мекеменің қарамағында 210 адам жұмыс істейді, 230 бірлік техникасы бар.

Қарағанды 60 мың текше метр қардан тазарды

Қарағанды көшелерін қардан тазалау мынадай тәртіппен жүргізіледі: техника бірінші кезекте қала аудандарын республикалық трассамен байланыстыратын жолдарға жұмылдырылады. Одан кейін барып басқа жолдар тазартылады.

– Алдымен біз жолға тұз бен құм қоспасын себеміз, ол қар ерігенше біраз уақыт жерде жата тұруы керек. Егер оны сеппесек, мұз қатып қалады да, оны бұзу қиынға соғады. Жалпы қалада қар тазалау жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі, – дейді «Тазалық Эксперт» жол учаскесінің бастығы Адай Есембеков.

Көшені қардан тазарту жұмыстарына көбіне жол шетіне қалдырылған автокөліктер кедергі келтіреді екен. Олардың иелерін күтуді немесе көлікті басқа жерге апарып қоюды уақыт көтермейді. Сондықтан жұмыскерлерге жол жиектерін қолмен тазалауға тура келеді.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды