Қазақстан • 30 Қараша, 2018

Қазақстан УЕФА-ның елдер рейтингінде 24-орында

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше елордалық «Астана» командасы Еуропа лигасы топтық кезеңінің бесінші турында өз алаңында Киевтің «Динамосынан» 0:1 есебінде ұтылып қалды. Бірақ бұл, Қақстанның УЕФА рейтингіндегі орнына кері әсерін тигізген жоқ, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстан УЕФА-ның елдер рейтингінде 24-орында

Қазақстан УЕФА-ның елдер рейтингінде 19,250 коэффициентімен бұрынғысынша 24-орында тұр. Тура осындай көрсеткішпен Польша 25-орынға орналасты. 23-орында тұрған Норвегияның еншісінде 19,950 коэффициент бар. Ал Украина 37,900 көрсеткішпен 9-орынды сақтап қалды.

Үздіктер үштігі Испания (96,283), Англия (73,034) және Италия (72,011) елдерінен құралған. 

Еске салайық, кеше «Астана Арена» стадионында «Астана» ФК Киевтің «Динамосын» қабылдады. Кездесу 1:0 есебімен украиналықтардың пайдасына аяқталды.