Спорт • 02 Желтоқсан, 2018

Жеті дзюдошымыз «Мастерс» турниріне қатысады

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15-16 желтоқсан аралығында Қытайдың Гуанжоу қаласында өтетін «Мастерс» турнирінде Қазақстанның жеті балуаны бақ сынайды.

Жеті дзюдошымыз «Мастерс» турниріне қатысады

«Мастерс»– дзюдошылар арасындағы ең белді жарыстардың бірі әрі бірегейі. Жыл соңында ұйымдастырылатын айтулы бәсекеде тек әлемдік рейтингте әр салмақ дәрежесі бойынша алғашқы 16 орынды иеленіп тұрған балуандар ғана қатыса алады. Осы турнирде табысты өнер көрсеткен өрендер үшін рейтингтегі ұпай санын еселеуге тамаша мүмкіндік туындайды. Мәселен, бас жүлдені олжалаған дзюдошыға бірден 1 800 ұпай берілсе, ақтық сайыста белдескендер 1 250 ұпай олжалайды.

Биыл Қазақстанның жеті балуаны «Мастерс» турнирінде күш сынасу құрметіне ие болды. Олар – 60 кило: Ғұсман Қырғызбаев (7орын, 3881 ұпай)пенЕлдос Сметов (13 орын, 2765ұпай). 66 кило:Ерлан Серікжанов (10 орын, 3 200 ұпай) пен Елдос Жұмақанов (11 орын, 3 067 ұпай).73 кило: Жансай Смағұлов (10 орын, 3 044 ұпай). 81 кило: Дидар Хамза (15 орын, 2 446 ұпай) және 90 кило:Ислам Бозбаев (15 орын, 2 718 ұпай).

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»