Қазақстан • 03 Желтоқсан, 2018

Елбасы жолы – елдіктің жолы

2475 рет
көрсетілді
14 мин
оқу үшін

Өткен жұмада, яғни 30 қараша күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы «Қазақстан» орталық концерт залында ұйымдастырылған «Елбасы жолы. Астана» фильмінің тұсаукесеріне қатысып, картинаны жұртшылықпен бірге тамашалады. Режиссер А.Сатаев түсірген бұл туынды «Елбасы жолы» киноэпопеясының алтыншы бөлімі саналады.

Елбасы жолы – елдіктің жолы

Әлемдік үрдіс

Өз еліне өлшеусіз еңбегі сің­ген, туған халқын баянды бола­шаққа бастаған, сондай-ақ әлем­нің ізгілікке қарай бет бұруына зор ықпалын тигізіп, жа­һандық тұлғаға айналған біті­мі бөлек, қызметі ерек жан­дар­дың адами болмысы, қайрат­керлік қарымы, өмір жолы, жасампаз ісі санада ұдайы жаң­ғырып тұруы тиіс. Өйткені мұн­дай тұлғалардың өрелі өмірі, бар қажыр-қайратын жұм­сап атқарған игілікті қыз­меті, өнегесі – таптырмас тәрбие құ­ра­лы, адамзатқа ортақ құн­ды­лық, қараңғыда жол таппай дағ­дар­ғанның жолына сәулесін төсер шамшырақ. Сондықтан да, осын­дай ірі, көрнекті қай­рат­кер­лерді тереңірек тану, насихат­тау жұмыстары әлемдік тәжіри­беде кең үрдіс алғаны белгілі. Осы үрдіс аясында дара туғандар, озық ойлы тұлғалар мен қайраткерлер ар­қау болған түрлі кі­таптар, зерт­теу еңбектер, фильм­дер, т.б. көп­теп дүниеге келді.

Жалпы, талайлармен терезесін тең ұстауды, өркениет көшінде өзгелермен үзеңгі қағыстыра ал­ға жылжуды мұрат еткен, өзін-өзі құрметтей білер әрбір ұлт та­рихын, рухани мұрасын, маң­дай­алды ұл-қыздарын өздері ғана танып-біліп қана қоймай, олар­ды жаһанға жарқырата көр­сетіп, насихаттауды жөн көреді. Бұл қадамның астарында «біз де ешкімнен кем емеспіз, дау ту­са сөз ұстар шешеніміз, жау төн­се жанын қияр батырымыз, тамы­ры тереңге кеткен тарихы­мыз, жаһандық мәдениеттің қо­ры­на қосылған салмақты да ардақ­ты мұрамыз бар елміз», деп өзі­нің іргелі ел екенін ұқтыр­ғы­сы немесе айбы­нын асырғысы келетін ниет жатқандай.

Бұл бағыттағы игі істердің ше­жіресіне тереңірек үңілсек, сөзіміз тым ұзарып кетеді. Де­ген­мен, қысқаша тоқтала кетер болсақ, сонау көне замандардан, дәлірегі Сақ, Ғұн, Түрік қағанаты дәуірлерінен бүгінге тартылған «сүрлеуге» ой сүріндіре отырып көз жүгірткенде рухыңды көтеріп, санаңды жаңғыртатын жарқын бейнелі, қазіргі түркі жұртымен, қазақпен қарындас, кіндіктес, тегі бір екені ғылыми тұрғыда дәлелденген тұлғалардан бастап, бүгінгі жақсыларымыз бен жайсаңдарымыз туралы том-том зерттеу еңбектер, әдебиеттің түрлі жанрындағы қаншама шығармалар жазылды. 

Сондай-ақ көркем және де­рек­ті фильмдер түсіріліп, алыс жә­не жақын елдердегі талай құ­пия­ны ішіне бүккен мұрағаттар ақта­рылып, олардан табылған та­ри­хи құжаттар ғылыми ай­на­лымға енгізілді, өткен шақтан сыр суыртпақтар музейлер қа­тарға қосылды. 

Әрине мұның барлығы біз­дің елдігімізді, ұлт болып ұйыс­қа­ны­мызды, ұлт­тық идеоло­гия­­мыздың іргесін нығайтуға тү­бе­­гейлі бет бұрға­нымызды біл­діреді.

Мемлекеттікті нығайтудағы мерейлі мезеттер

Аталған бағыттағы жұ­мыс­тар­ды ілгерілетуде, әсіресе кино өнерінің мүмкіндіктері тиімді пай­даланылуда. Мәселен, өткен заман­дардағы хандарымыз бен ба­тыр­ларымыз, билеріміз бен ақын­дарымыз, өзге де айтулы арыс­тарымыз арқау болған көптеген фильмдер жұртшылықтың кө­з­айымына айналып, тарихымызды түгендеу, жақсыларымыз ту­ралы деректерді ұрпақ санасы­на сіңіру ісіне, кеше мен бүгінді са­бақ­тастыра отырып алға жылжуы­мызға серпін берді.

Осынау кең ауқымды, көз қуан­­тып, көңіл толқытар игі жұ­мыс­тар­дың барлығы халықтың сұ­ра­нысы, қоғамның тілегі негі­зінде қолға алынды. Осы арада бір айта кетер жайт, ел-жұр­­ты­мыз­дың, тілеулес жа­мағат­тың бұл орайдағы сұра­нысы­ның бір бағыты Қазақстан Респуб­лика­сының Тұңғыш Прези­денті – Ел­басы Нұрсұлтан Назар­баев­тың өмір жолын, қайрат­керлік кел­бетін, атқарған өлшеу­сіз еңбе­гін тереңірек білсек деген қоғамдық тілекпен ұштас­ты. Өйткені халықтың өз көш­бас­шысы жайында терең мағлұ­мат алуға деген ұмтылысы таби­ғи заңдылық. Сондықтан осы сұ­ра­нысқа лайықты жауап беру қа­жеттігі туындады. Бұл талап-тілекті қанағаттандыру ісі Елба­сы туралы отандық және шетел­дік авторлар жазған сүбелі зерттеу­лерді, кітаптарды шығару, фильм­дер түсіру арқылы жүзеге асырылып келеді. Міне, енді бұл туындылардың қатарына Тұңғыш Президент күні қарсаңында біз жоғарыдағы кіріспе сөзімізде ай­тып өткен «Елбасы жолы. Ас­та­на» фильмі келіп қосылды. Бұл кар­тинаны отандық белгілі ре­жис­сер Ақан Сатаев түсіргенін, бас кейіпкер – Елбасы рөлін актер Мұрат Ахманов сомдағанын айта кетейік. 

Жалпы, Мемлекет басшы­сы­ның өмір жолын кезең-кезеңімен арқау еткен «Елбасы жолы» киноэпопеясын түсіру 2011 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Біз сөз етіп отырған «Елбасы жо­лы. Астана» фильмі осы кино­эпо­пеяның алтыншы бөлімі. Мұны бұл эпопеяның соңы деп айтуға болмайтындай. Өйткені картинада 1998 жылға дейінгі оқиғалар ғана қамтылған. Демек, алдағы уақытта Елбасының 1998 жылдан бергі мемлекетімізді дамыту жолындағы қажырлы еңбегін экранда көрсету ісі кезегін күтіп тұр деп ойлаймыз.

Негізінде «Елбасы жолы. Ас­тана» фильмі Қазақстан елор­дасының қалыптасу тарихы жә­не оны салу үдерісіндегі Нұр­сұлтан Назарбаевтың басты рөлі, кездес­кен қиындықтарды жеңе білудің жарқын үлгісі, іс басында болған, Елбасының тапсырмаларын мүлтіксіз орындай білген атпал азаматтарымыздың еңбегі, халықтың бірлігі, жұрт­шы­л­ықтың ықыласы, сенімі баяндалады. Сондай-ақ картинада елорданы Ақмолаға көшіру шешіміне қатысты қоғамдық түрлі көзқарастар, оның ішінде кер­тартпа пікірлерін көлденең тарт­қандар да көрініс береді. Бұ­ған қоса, фильмде қамтылған жылдар көлемінде еліміз үшін аса маңызды тарихи оқиғалар сә­тімен ұсынылған. Әсіресе ел шекарасын шегендеу, өзге елдермен ынтымақтастық орнату бағытындағы маңызды қадам­дарды санада жаңғыртатын тұстар көңілге жылы әсер етеді. Сонымен бірге Астананың ха­лық­аралық тұсаукесер рәсімін си­пат­тайтын көріністер де фильм­нің маңызын арттыра түскен.

Жалпы, біз бұл мақалада атал­ған фильмдегі оқиғаларды басы­нан аяғына дейін сипаттап шығуды мақ­сат етіп отырға­ны­мыз жоқ. Өйткені картинаны халық­тың өзі көре жатар. Енді оның бағасын көрермен береді. Деген­мен, «Елбасы жолы» кино­эпо­пея­сын құрайтын, яғни бұған дейін түсірілген фи­льм­дерді ха­лықтың жылы қабыл­дағаны белгілі. 

Айта кетейік, бұған дейін «Елбасы жолы» киноэпо­пея­сының бес картинасы ел назарына ұсынылған болатын. Атап айтқанда, олар: «Балалық ша­ғымның аспаны» (2011 жыл), «От­ты өзен», «Теміртау» (2013 жыл), «Тығырықтан жол тап­қан» (2014 жыл) – режиссері Рүс­тем Әбдірашев, «Жұлдыздар тоғыс­қанда» (2016 жыл) – режиссері Сергей Снежкин (Ресей). Рүстем Әбдірашев түсірген алғашқы төрт бөлімде Мемлекет басшысының рөлін актер Нұрлан Әлімжанов сомдаса, Сергей Снежкиннің фильмінде бас кейіпкердің рөлін актер Берік Айтжанов ойнаған.

Реті келгенде айта кетсек артықтық етпес, Елбасы жайлы деректі фильмдер де аз емес. «Назарбаев. Live», « С Назарбае­вым о главном...», «Избранный веременем», «Елбасы, жаңа тарих», «Ат үстіндегі ғұмыр», «Елбасы – біреу, біз оған – тіреу!» және тағы басқалар.

Қорыта айтқанда, «Елбасы жолы. Астана» фильмі экран арқылы ел тарихынан, Елба­сы­ның өмір жолынан шынайы деректер ұсынады. Оның тәуелсіздік ше­жіресін, жаңа Астананың алғаш­қы қадамдарын көрсете оты­рып, елдік сананы көтеруге, ұр­пақ тәрбиесіне оң ықпал етері анық.

Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан»