Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2018

Оралда жаңа автобустар пайдалануға берілді

504 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орал қала­сында биыл су жа­ңа 35 автобус қоғамдық жо­лау­шы тасы­малы қыз­ме­­тіне қосылды.  «Уралтехсервис» ЖШС №20 мар­шрут жүйесіндегі 15 көлік­ті «Вектор» маркілі автобус­­тар­мен ауыстырды.

Оралда жаңа автобустар пайдалануға берілді

Тұңғыш Президент атындағы алаңнан бастау алған заманауи автобустардың алғашқы бағытына облыс əкімі Алтай Көлгінов пен Орал қаласының əкімі Мұрат Мұқаев ақ жол тіледі. Салонына 70 адамға дейін сыятын жаңа авто­бустардың іші-сыртын толық бақы­лау үшін төрт бейнекамера орнатылған. Бұл қауіпсіздікке әрі тәртіп сақталуына қолайлы.

Жалпы Орал қаласында жолау­шы тасы­малымен 6 мекеме айналысады. Қала ішінде 455 автобус қызмет көрсетеді. Екі жыл бұрын қоғамдық көліктің 40%-ы шағын автобус болатын. Сол 130 «ГАЗель»-дің бүгінде 50-і ғана қалды. Авто­бус паркі жыл сайын жаңар­­ты­лып, сыйым­­­дылығы жоғары әрі жолау­шы­ға жайлы көліктермен алмас­тырылуда. Жаңа көліктер екінші деңгейлі банк­тер­дің несиесі арқылы алынған.

– Орал қала­сындағы қоғамдық кө­лік­тер­ді жа­ңар­ту жұмыстары мұнымен тоқта­майды. 2019 жылы «БРК-Лизинг» ком­паниясы арқылы «Daewoo» маркалы 135 жаңа автобус алуды жос­парлап отырмыз. Жалпы 2020 жылға де­йін автобус паркі толық жа­ңар­­тылады, – дейді қала әкімі Мұрат Мұқаев.

Өңір бас­­шы­лығы жаңа кө­лік­тердің «Smart сity» бағдарламасына сай келуін де ескерген. 28 қалалық маршр­ут бойынша барлық көлікте GPS құ­рыл­ғысы ор­на­тылған. «InfoBus» қо­сым­­шасы арқылы мар­шруттар қозға­­лы­сын 73 мың қолданушы онлайн бақылай алады. «Цифрлы Қазақ­стан» бағ­дар­ламасы аясында сегіз бағыттағы автобустар жолақыны көлік карталары арқылы қабылдай алады. Сондай-ақ жеті бағытта жолақыны «SMSBUS» жүйесімен төлеу­ге мүмкіндік бар. Жыл соңына дейін барлық маршрут электронды би­лет­пен қамтамасыз етіледі», дейді қала әкімі Мұрат Рахметұлы.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»