Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2018

Ж.Түймебаев Түркістандағы әкімшілік-іскерлік орталығындағы құрылыс жұмыстарымен танысты

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыс орталығы - Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында бой көтеріп жатқан 26 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты. 1536 пәтерден тұратын баспаналардың 1200 пәтері (20 тұрғын үй) арендалық үйлер болса, қалған 6 тұрғын үй, яғни 336 пәтер кредиттік баспаналар қатарында, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ж.Түймебаев Түркістандағы әкімшілік-іскерлік орталығындағы құрылыс жұмыстарымен танысты

Іргетасы осы жылдың қыркүйек айында қаланып, мемлекеттік бюджет есебінен салынып жатқан 60 пәтерлі 20 тұрғын үйдің 11-і (660 пәтер) 2019 жылдың сәуір айында тапсырылады. Ал 9 тұрғын үй (540 пәтер) келер жылдың қараша айына ел игілігіне берілмек. Кредиттік көпқабатты 6 тұрғын үйдің (336 пәтер) құрылыс жұмыстары 2019 жылдың маусым айында аяқталып, пайдаланылуға тапсырылады.

Жаңа әкімшілік-іскерлік орталықта мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 280 орындық жаңа балабақшаның құрылысы да халық игілігіне тапсырылды. Сондай-ақ 900 орындық мектептің есігін жаңа оқу жылына дейін ашу жоспарлануда.

Жаңа облыс орталығы Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік аймағында қазір жаңа әкімшілік ғимараты, басқармалар және департаменттер үйлері, сондай-ақ 5 жұлдызды «Риксос» қонақ үйінің құрылысы басталып кетті.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03